Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпқой боксшылардың Рио олимпиадасына қатысуына рұқсат берілді

Бокстан әлем чемпионы Тайсон Фьюри мен өзге де кәсіпқой боксшылар Рио-де-Жанейродағы олимпиада ойындарына қатысу құқығына ие болды.

атаи

Сурет ztb.kz

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Мұндай шешім Швейцариядағы Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) саммитінен соң белгілі болды. Жаңа ереже бойынша кез-келген кәсіпқой аренада жүрген боксшы олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алу үшін Венесуэлада өтетін іріктеу бәсекесіне қатыса алады.

Бұрын украиналық кәсіпқой боксшы Владимир Кличко олимпиада бәсекесіне қатысқысы келетінін жариялаған еді. Ал британиялық кәсіпқой боксшы Карл Фрэмптон мұндай шешімді нағыз ақымақтық деп бағалаған. Ол кәсіпқой мен әуесқой бокс мүлде басқа спорт түрі секілді деп айтты.

Ал AIBA басшысы Чинг Куо Ву болса, әзірге олимпидаға кәсіпқой боксшылардың қаншалықты дайын екендігін болжау қиын депті.

Талқылау