БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Кәсіпкердің өміріне 4 рет шабуыл жасаған қылмыскерлер оның үйіне жарылғыш зат орнатқан

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылының кәсіпкері Нұрлан Ахметовтың үйінде жарылыс болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.

Кәсіпкердің өміріне 4 рет шабуыл жасаған қылмыскерлер оның үйіне жарылғыш зат орнатқан

Жарылғыш құрылғы таңғысын атылған. Бұл уақытта үйде 4 бала мен 2 ересек адамдар болған. Үйдің иесі болса  іссапармен кеткен, әйелі жұмыста болған.

«Маған қызым қоңырау шалып, қатты қорқып қалғанын айтып, үйге келуімді сұрады. Жарылыс болды деп айтты. Менің айтарға сөзім жоқ, бұл нағыз бассыздық. Менің күйеуіме, отбасыма қарсы бірінші қылмыс емес», – дейді кәсіпкердің әйелі Сұлухан Жасыбаева.

Әйел қылмыскерлерді білмейді, бірақ олар бұл жағдай қайта қайталанады ма деп қорқады.

«Менің отбасымды қашан жайына қалдыратындарын білмеймін. Полиция жауап бермейді, ал біз өзімізді қылмысткерлердің бассыздықтарынан қорғаусыз сезінеміз. Бізді өлтіріп кетсе кім жауап береді. Өмір сүру қиын. Біз күнде қыл үстінде отырғандаймыз», – дейді әйелі.

Кәсіпкердің өміріне 4 рет шабуыл жасаған қылмыскерлер оның үйіне жарылғыш зат орнатқан

Кәсіпкердің өміріне осымен төртінше рет шабуылдаған. Жыл басында қылмыскерлер жарылғыш затты Нұрлан Ахметовтың көлігіне қойған болатын.

Ауыл тұрғындары полиция қызметкерлерінің қол қусырып қарап отырғандарына наразы, сондықтан кәсіпкердің отбасына төнген қауіптен қатты қорқады. «Осы уақытқа дейін бірде-бір қылмыстың басы ашылмады, соңына дейін бармайды. Құқық қорғау органдарының іссіз отырғандарына наразымыз. Бір адамға төрт рет шабуылдады, ал полиция болса үндемей отыр», – дейді ауыл тұрғыны Асылбек Сүлейменов.

«Жарылыс болғанын маған таңғы 6-да айтты. Мен лезде оқиға орнына келдім. Бұл жерде полиция қызметкерлері жұмыс жасауда, аймақты қарап, хаттама толтырды. Полиция қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіп, адам өлтірмекші болған қылмыскерді іздеу үстінде», – дейді Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Ермек Сансызбаев.

Кәсіпкердің өміріне 4 рет шабуыл жасаған қылмыскерлер оның үйіне жарылғыш зат орнатқан

Полициялар кеткеннен кейін ауыл тұрғындары тағы да күдікті оралған зат тауып алған. «Бұл жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеді, өрт сөндіру қызметі келді. Олар бәрін тексеріп кетіп қалды. Олардан кейін өзіміз тағы тексерейік деп қарағанда контейнердің астынан пакет таптық. Дереу полиция шақырдық. Олармен бірге әскери қызметкерлер де келді. Анықталғандай пакетте дисктер болған екен», – дейді ауыл тұрғыны Марат Исабеков.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр