Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Тоқтар Төлешов қыздарының әр жылғы туған күнін ерекше тойлатқан

Кәсіпкер Тохтар Төлешовтің  отбасы үлкен. Көпшілік оны бес әйелі бар, 13 баланың әкесі дейді. Бұл тек жергілікті халықтың болжамы ғана. ОҚО-да есімі белгілі кәсіпкер балаларының туған күнін отбасымен ерекше атап өтетіні соңғы кездері жиі сөз болуда. Әсіресе кәсіпкер қамауға алынғаннан бері.

Мұнда белгілі кәсіпкердің Даниель есімді қызының туған күні тойлануда. Отбасылық салтанатты шара “Властелин колец” фильмінің желісі бойынша ұйымдастырылған. Қонақтар мен кештің негізгі кейіпкері де сол кинодағы үлгіде киінген. Түрлі жарықтар мен  салтанатты отшашулар, жауынгерлердің айқасы тіпті белгілі кәсіпкердің өзі салтанатты кешке сай костюм киген.

Жалпы белгілі кәсіпкердің отбасындағы салтанатты кештер жайлы видеолар көп. Әрі олардың желіде тарағанына да бірнеше уақыт болған. Мына  бейнежазба “Время” басылымының атынан жақында ғана жарияланған.

Кәсіпке бір апта бұрын  Шымкентте арнайы операция ұйымдастырып ұстаған болатын. Қазір қайда жатқаны белгісіз, анығы наурыз айына дейін уақытша ұстау абақтысына жабылған.

Талқылау