Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Талдықорған әкімінің міндетін атқарушысымен төбелесіп қалды

Кәсіпкер Алмасбек Садырбаев Талдықорған қаласы әкімінің міндетін атқарушысы Асқар Тұтыбаевпен бұрын қол қойған құжаттарға қайта қол қоймағаны үшін төбелесіп қалғанын хабарлады.

15027507_1179697875451272_7373627339674955786_n

Садырбеков бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Өзінің постында кәсіпкер ауыл шаруашылығы кооперациясы обаларымен айналысатынын және жүн тапсырып болған соң 7 миллион теңге көлемінде мемлекеттік субсидия тиесілі екенін жазған.

“Біз барлық құжаттарды әзірлеп, барлық инстанцияларды өттік, бүкіл қажетті қолдарды жинап, Талдықорған қаласы әкімінің қорытынды қолы ғана қойылуы тиіс болған. Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев қалада болмағандықтан оның міндетін уақытша Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тұтыбаев атқарған. Атқарса атқарсын. Жинақты кесімге оның қолы қажет болатын. Осы жерде “колхозда таң атты”, — деп жазады пост авторы.

Әрі қарай Алмасбек Садырбаев Асқар Түтүбаевты көшеде көріп, құжаттарға қол қоюын өтінген. Алайда ол ондай құзыреті жоқ екенін алға тарқан.  “Қала әкімдігіне келіп, одан бетер таңдандым! Өйткені Асқар Түтүбаевтың Талдықорған қаласы әкімінің міндетін атқаратындығы  бұйрықты өз көзіммен көрдім. Есеңгіреп қалдым десем, тым жұмсақ айтқан боламын”, — деген таңданысын жасырмайды пост авторы.  Асқар Түтүбаев қажетті құжаттарға қол қойып болған соң  ауыл шаруашылығы басқармасына құжаттарды қабылдау кезінде мамандар қателіктерді анықтап, барлық қолдарды қайта жинауға тура келді, деп жазады автор.

“Алдымен оған телефон соғуға тура келді. Түске дейін болатын, тұтқаны ашулы көтеріп, “мен саған түске дейін қол қоймаймын. Шаршап тұрмын. Таңнан бері жүгіріп жүрмін. Түстен кейін кел”, — деп тұтқаны қойып қойды. Мен бар күш жігерімді қолыма алып, ораза тұтқандықтан өзімді сабырға шақырдым. Одан кейін түс қайта оның кабинетінің алдында оны сағат 17:00-ге дейін күттім”, — деп жазады Садырбаев.

Одан кейін, оның мәліметінше, кабинетте Асқар Тұтұбаев құжаттарға қол қоюдан бас тартып, құжаттарды столдың арғы бұрышына қарай лақтырып жіберген.  Одан кейін жанжал туындап, төбелеске ұласқанын айтады.

Талдықорған әкімдігінде Sputnik Қазақстанға іспен құқық қорғау органдары айналысып жатқанын хабарлады.

“Ресми түрде келесіні ғана мәлімдей аламыз: қазір әкімнің міндетін атқарушы Асқар Тұтұбаев абыройы мен намысын қорғау үшін ІІД-ге арыз жазды. Арыз түсірді, өкілетті органдар айналысатын болады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ресми болжамды уәкілетті органдар жасайды”, — деді Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Бұл ретте, кәсіпкердің достары, қол қойылмаған кесімге бола Садырбековке жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы кооперативінің 400-ден астам жұмысшысы өз жұмыстары үшін ақысын ала алмай жатқанын алға тартады.

Талқылау