Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында кәсіпкер көп балалы отбасыларға 105 үй тұрғызып берген

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қандай жағдай жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" атты жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша Бердібек Сапарбаев, Елжан Біртанов, Күләш Шәмшиденова бастаған Үкімет мүшелерімен бірге 12 наурыздан 4 мамырға дейін еліміздің барлық өңіріне жолымыз түсті. Жалпы саны 263 кездесу өткіздік. Оның ішінде 157 елдімекенде болдық. 269 адам жеке қабылдауымызда болды. Тұрмысы төмен 72 отбасының үйіне бардық. Жалпы 27 мың адаммен кездестік», - деп айтты Әбдіқалықова.

Вице-премьер халықпен кездесулерде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың тұрғын үй, атаулы әлеуметтік төлем, жұмысқа орналасу мәселелері көтерілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Әбдіқалықова халыққа жер телімдері мен шағын несие беру, денсаулық сақтау мен білім беру мәселелері де өңірлердегі халықты қатты қызықтыратынын айта кетті. Ол тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуде белсенді кәсіпкерлердің барын ерекше атап өтті.

"Алматы облысына барған сапарымызда "Ақ терек" шаруа қожалығының иесінің туған ауылын жұмыспен қамтып отырғанын білдік. Ол ауылына балабақша, спорт алаңы, сауда орталығы секілді нысандар салған. Темірлан 2008 жылдан бері көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 105 пәтер тұрғызып берген екен", - деп Әбдіқалықова Кәсіпкер он жылдан бері  көпбалалыларға 105 пәтер сыйлаған 

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қандай жағдай жасалып жатқанын айтты.  

"Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" атты жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша Бердібек Сапарбаев, Елжан Біртанов, Күләш Шәмшиденова бастаған Үкімет мүшелерімен бірге 12 наурыздан 4 мамырға дейін еліміздің барлық өңіріне жолымыз түсті. Жалпы саны 263 кездесу өткіздік. Оның ішінде 157 елдімекенде болдық. 269 адам жеке қабылдауымызда болды. Тұрмысы төмен 72 отбасының үйіне бардық. Жалпы 27 мың адаммен кездестік», - деп айтты Әбдіқалықова.

Вице-премьер халықпен кездесулерде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың тұрғын үй, атаулы әлеуметтік төлем, жұмысқа орналасу мәселелері көтерілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Әбдіқалықова халыққа жер телімдері мен шағын несие беру, денсаулық сақтау мен білім беру мәселелері де өңірлердегі халықты қатты қызықтыратынын айта кетті. Ол тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуде белсенді кәсіпкерлердің барын ерекше атап өтті.

"Алматы облысына барған сапарымызда "Ақ терек" шаруа қожалығының иесінің туған ауылын жұмыспен қамтып отырғанын білдік. Ол ауылына балабақша, спорт алаңы, сауда орталығы секілді нысандар салған. Темірлан 2008 жылдан бері көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 105 пәтер тұрғызып берген екен", - деп Әбдіқалықова  таңданысымен бөлісті.

Талқылау