Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Қазақстанда өспейтін көкжидекті егіп, жақсы өнім алды (фото)

 Кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев  Қазақстанда көкжидек егіп тәжірибе жасап көрді. Әрі сәтті шыққан нәтижесімен бөлісті.

маргулан

“Сенетіндер аз шығар, бірақ біздің тәжірибеміз сәтті аяқталып Қазақстанда көкжидек өсіруге боларына көз жеткіздік. Кім айтты біздің елде көкжидек өспейді деп? Бұл өнім тәжірибе жасалған усаскіден алынды (бір гектар жерден аз аумақ) . Ол жерде көкжидектің өміршеңдігін тексердік. Келесі жылдан бастап егін алқабын кеңитпекпіз. Тура қазір  сатылымға шығаратын жидек жоқ”,-деп жазды кәсіпкер өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

маргулан-2

Кәсіпкердің сөзіне сенсек келесі жылы ол Алматы облысындағы егістік алқаптардың бңрңне айва ағашын отырғызып, фундук жаңғағын өсірмекші.

Бұдан бөлек қазір кәсіпкердің бақшасында   алма, шие,  шабдалы, құлпынай сынды көптеген жеміс-жидектің түрі пісіп жатқан көрінеді.

Тәжірибе жасауға арналған бақшада елімізде бар жемістердің сирек кездесетін жоғары сұрыпты түрлері өсіріліп жатыр екен. Қазірге алынған өнімдер саудаланбайды екен.

 

 

Талқылау