Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев алматылық марафонға қатысып, арбаға таңылған жүгірушілерді қолдады

Қазақстандық кәсіпкер, Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев күні кеше Алматыда өткен марафонда көзге түсті. Ол арбаға таңылған жүгірушілерге қолдау білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев алматылық марафонға қатысып, арбаға таңылған жүгірушілерді қолдады

Сурет: Facebook/Максим Золотухин

Желіде кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың жүрек елжіретерлік суреті жарияланды. Ол жексенбі күні өткен марафонға қатысқан. Суреттен оның жарымжан жүгірушіге қолдау білдіріп, арбаны сүйреп келе жатқаны көрінеді. 

Айта кетсек, 21 сәуірде Алматыда Орта Азиядағы ең көлемді қайырымдылық спорттық шара «Алматы Марафон» өтті. Шараға 17 мыңнан аса адам қатысқан. 

Қайрат Боранбаев – қазақстандық кәсіпкер. Әр түрлі жылдары «ҚазТрансГаз», «Интергаз Орталық Азия» директор қызметін атқарған. 2006-2014 жылдары «КазРосГаз» ЖШС бас директоры болды. 2015 жылдан бері Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті. 
 

Талқылау