Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер әйел жұмысшыларына ақша төлемеу үшін өзінің ұрланып, зорланғаны туралы оқиғаны ойдан шығарған

АҚШ-тың Калифорния штатында 32 жастағы Мария Гонсалес жұмысшыларға 9 мың доллар (3 млн теңгеден аса) төлемеу үшін, өзін әдейі ұрлатып, зорлыққа ұшырағандай кейіп танытқан. Алайда полицейлер алаяқтың қулығын әшкереледі. Ендігі ол бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кәсіпкер әйел жұмысшыларына ақша төлемеу үшін өзінің ұрланып, зорланғаны туралы оқиғаны ойдан шығарған

Бұл туралы ABC News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мария Гонсалес 1 қыркүйек күні Калияорниядағы үйлердің бірінен табылған. Оның қол-аяғы байлаулы, аузы кергішпен жабулы болған. Сондай-ақ, бас жарақатынан қиналып жатқан екен.

Кәсіпкер полицияға өзін ұрлап кетіп, тонағанын айтқан. Сонымен қатар зорланған болуы мүмкін екенін де жасырмапты.

Марияның сөзінше, қылмыскерлер оған тапаншамен сес көрсетіп, жұмысшыларға беруі тиіс болған ақшасын ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері «жәбірленген» әйелден мұқият жауап алып, өз жауабында оның бірнеше рет шатасып, сөздері үйлеспейтінін байқаған. Сонымен қатар «ұрылар» тек жұмысшыларға төленуі тиіс ақшаны қолды қылып, кәсіпкер әйелдің әмиянына тиіспеген. Екі күннен кейін тергеушілер әйелді ешкімнің ұрлап, зорлап, ақшасын ұрламағанын анықтады. Мария өз жұмысшыларына 9 мың доллар (3 млн теңгеден аса) төлемеу үшін, бәрін қолдан жасаған болып шықты.

Кәсіпкер әйел жұмысшыларына ақша төлемеу үшін өзінің ұрланып, зорланғаны туралы оқиғаны ойдан шығарған

Нәтижесінде әйел тергеушілердің сөзінің растығын мойындады. Қазіргі уақытта Мария қамаудан босатылды. Алайда полиция алдағы уақытта оны тұтқынадамақ ниетте. Қулығын іске асырмақ болған кәсіпкерге қандай жаза тағайындалатыны әзірге хабарланған жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау