Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер 110 млн теңгеге туған ауылына спорт кешенін салып берді

Қарағанды облысындағы «Мақсат» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Көпбаев өзінің туған ауылы Түгіскенге құны бірнеше миллион тұратын ірі сыйлық жасады. Ол өз ақшасына спорт кешенін салып, оны мемлекет меншігіне өткізген. 1d68e21ac85737e8d8c5a63e427c6e6f

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Мемлекет басшысы жуырда кәсіпкерлерге әлеуметтік жауапкершіліктерін орындап, мемлекетке көмек беруге шақырған болатын. Қайрат Көпбаевтың бұл ісін, сол бағыттағы шаруа деп айтуға әбден болады. 

Ол көп балалы үйдің ең үлкені, әрі жетістіктерге өз күшімен қол жеткізген. Қазір «Мақсат» ірі шаруа қожалығын басқарып, ақ бас сиырларды бағып отыр. 30 жұмыс орынын құрған. Түгіскенде тұрмыс кешіп жатқан ағасы мен туыстарына да көмектесіп тұрады. 

b512d38937e8ec1f4080aaebc0e53a77

Ауыл кәсіпкерінің ендігі жоспары – спорттық бассейн құрылысын бастау. Айтпақшы, ол екі «газел» автокөлігін сатып алуды да жоспарлап отыр. Оның бірі орта мектепке, енді бірі спортшыларға беріледі екен. Өз кезегінде мемлекет спорт кешенін салатын құрылыс орынын беріп, нысанды су және жылумен жабдықтаған.

132d59f515bca97d602b288a29c33d03

Ашылу салтанатында жаңа нысанның алтын кілтін Көпбаев ауыл әкімі Өмірғали Кенжетаевқа табыс етті. Жақын күндері бұл спорт кешенінде 10 жасқа дейінгі балалар дзюдо және қазақша күреспен айналыспақ. Сондай-ақ, өзге спорт түрлерінің де секциялары ашылады деп күтілуде. Ал сағат алтыдан кейін ауылдың кез-келген тұрғыны мұнда келіп, спортпен айналысуға мүмкіндік бар.

 

Талқылау