Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан зардап шеккен Германия мен Бельгия халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы "Бернд" циклонынан туындаған толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарға қатысты Германия мен Белгия елдері басшыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл Германия халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апат кезінде жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне, ал із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін, – делінген жеделхатта.



Сондай-ақ Тоқаев Бельгия Королі Филиппке табиғи апатта зардап шеккен отбасылардың қайғыларына ортақ екенін жеткізді.

"Осындай ауыр сәтте жақындарынан айырылған азалы отбасылардың орны толмас қайғыларына ортақтаса отырып, Сізге және бүкіл бельгиялықтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Табиғи апаттан жараланғандардың тез арада сауығып кетуіне және із-түссіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Талқылау