Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев президентікке үміткер ретінде тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттарын тіркеп, тиісті куәлікті табыстады. ОСК хатшысы Сабила Мұстафина Тоқаевтың барлық құжаты тіркеліп, тексерілгенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Тоқаев

«23 сәуірде Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты ОСК-ға оның келесідей тиісті құжаттарды ұсынды: Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің жоғары органының Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну жөніндегі мәжілістің Nur Otan партиясының Әділет министрлігінде тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса берілген хаттамасынан үзінді; президенттікке кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы Тоқаевтың өтініші; өмірбаяндық деректері; сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат және кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау негізінде ОСК 2019 жылдың 25 сәуірдегі №16/244 қаулысымен президенттікке кандидат Тоқаевтың Конституцияға және «Сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігі белгіленіп, қол жинау парақтары берілді», - деп мәлімдеді Мұстафина.

ОСК-ға кандидатты тіркеу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың кірістері мен мүлкі туралы декларация жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы, кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының азаматтардың президенттікке кандидат Тоқаевты қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылған. 

Облыстардың, республикалық қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, кандидат Тоқаевты қолдап барлық 17 өңірден 315 910 азаматтық қол жиналған, оның ішінде рас деп танылғаны – 313 653. 

Айта кетсек, ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналған қолдардың қажетті саны 118 140-тан кем болмауы тиіс.  

Мұстафина Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжаттар ОСК-ға ұсынылғанын және қойылған талаптарға толығымен сәйкес екенін жеткізді. 

«Жоғарыда баяндалғанның негізінде ОСК қаулысымен Тоқаевты 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркеп, кандидатқа тиісті куәлік берілді. Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелу туралы мәліметтер беріледі. БАҚ-қа кандидат Тоқаевты тіркеу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау белгіленді», - деді ОСК хатшысы.

Отырыс соңында ОСК төрағасы Берік Мәжитов кандидаттың сенімді өкілі Мәулен Әшімабевқа тиісті куәлікті табыстады.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр