Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсібін дұрыс меңгермеген акушерлердің кесірінен жаңа туған сәби мүгедек болып қалды

Семей сотында әйелді босандыру кезінде дұрыс қимылдамаған акушер жауапқа тартылды. Ол 2010 жылы  босанып жатқан әйелдің баласын мойын омыртқасынан тартамын деп екі жерден үзіп алған. Үзілген жер баланың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіріп,бірнеше ауруды бойына үйір қылған.

баланың-аяғы

Сурет medvoice.ru сайтынан алынды.

Бұл туралы  ЭкспрессК басылымы жазды.

Бала осы күнге дейін қиналып өскен:жұтына алмаған, тамақты шайнай алмайды, кез-келген тамақты тістеп жеуге мүмкіндігі жетпеген. Тек блендрде езілген тамақтарды тұтынған. Тіпті аузынан ағатын сілекейді игере алмайды. Бала осы күнге дейін сөйлей алмаған. Ол қарны аш екенін, нені қалайтынын, дәретханаға барғысы келетінін айта алмайды. Бес жыл бойына бала жанына батқан аурудан жылаумен болған. Осындай ауыр жағдайға душар болған ата-ана баладан қай сағатта айрылып қаламыз деген үреймен отырған.

Германия, Израиль,Ресей, Сингапур сынды елдерде баланы ұзақ уақыт тексергеннен кейін ғана аздап пайдасы тие бастаған. Тек тайландтық дәрігерлер ғана балаға ота жасауға келіскен. Баланың денсаулығын тексеруден өткізген дәрігерлердің барлығы дерлік омыртқа жарақаты оған  туылған кездегі алған  жарақаттан пайда болды деген қорытынды жасаған.

Баланың анасы сотта өз кәсібін дұрыс білмейтін дәрігерден емделуге жұмсалған қаржыны, 150 млн теңге көлемінде  моральдық өтемақы беруін талап еткен.

«Дәрігерлер мені мен баламды қарапайым қуаныштан айырды. Менің балам ешқашан мектеп табалдырығын баса алмайды. Ол өзгелер қатарлы мектеп партасында отырып, жүгіріп, ойнау мүмкіндігінен айрылды. Ол өзгенің көмегінсіз қозғала да алмайды. Дотар тауып, қыздармен қыдырып, балалы бола алмайды. Тіпті қазір қанша емдесек те мұндай мүмкіндіктерге қол жеткізу мүмкін емес. Балам ешқашан өз басын алып жүре алатын адам бола алмайды. Сондықтан мен осыншалықты үлкен сомада өтемақы талап етіп отырмын»,-деді сотта баланың анасы.

Жәбірленуші талаптарының бір бөлігін сот  мақұлдап үкім шығарды.  Жәбірленуші тарапқа перзентхана 18 млн.теңге өтемақы төлейтін болды.

 

 

Талқылау