Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіби жауынгерлік самбо бойынша ӘЧ қарағандылықтар 1 алтын, 2 күміс олжалады

Мәскеуде ерелер арасында өткен кәсіби жауынгерлік самбодан XXI Әлем чемпионатында  қарағандылық үш полиция қызметкері жүлделі орын иеленді.

20151214034140

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қарағандылық полицейлер Мерей Жұбанов, Махмұд Мұхамеджанов пен Құдайберген Төлеубаев әлемнің 13 елінен спортшылар қатысқан дүбірлі жарыста өз бақтарын сынап көрді. Сайыс Дүниежүзілік жауынгерлік самбо федерациясының (WCSF) ережелері бойынша Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің Спорт сарайында өтті.

Аталмыш жарыста өз салмақ дәрежелері бойынша Мерей Жұбанов пен Махмұд Мұхамеджанов екінші орын иеленсе, Құдайберген Төлеубаев үшінші орынға лайық деп танылды.
Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Талқылау