Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іздеуде жүрген содырдың бірін ақтөбеліктер көше ортасынан көрген

Ақтөбедегі қырғыннан кейін іздеуде жүрген алты күдікті әлі іздестіріліп жатыр. Ал тұрғындардың бірі сол күдіктілердің біреуін көшеден байқап қалыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

1465272936_82267_tn

Қазір Ақтөбе облысында өңірде бақылау күшейген. Көшедегі көліктер жаппай тексерілуде. Әсіресе, ақ түсті көліктер назарда. Сезік тудырған жүргізушілер мен жолаушылар бірден полиция бөлімшелеріне жеткізілуде.

Өйткені кеше таңертең қала шетіндегі балалар лагерінің күзетшісіне белгісіз топ оқ атқан деген ақпарат тараған болатын. Алайда бұл жалған хабар боп шықты. Дегенмен, “Ақбөбек” балалар орталығы қоршауға алынған. Өйткені бірнеше тұрғын іздеуде жүрген Дмитрий Таңатаровты осы маңнан көргенін айтып, құзырлы органдарға хабар беріпті.

“Таңатаровты көргенім рас. Менің есте сақтау қабілетім мықты. Бірден тәртіп сақшыларына хабар бердім. Менен басқа да адамдар оны көргенін айтып түсініктеме жазыпты”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Юлия Минина.

Осыған дейін Дмитрий Таңатаровтың әйелі мен баласын ұрлап кеткені туралы жазған едік.

Бүгін ел тұрғындары қаза болған боздақтарды аза тұтып жатыр. Кеше қалада қаза болған бейбіт тұрғындарды ақтық сапарға шығарып салды. Құқық қорғаушылар іздеу жарияланған 6 күдіктіні тапқан адамға сыйақы тағайындалатындығын айтты.

Жалпы ҚР аумағы бойынша террорлық қауіптің сары деңгейі белгіленді.

Талқылау