“Қашан үйленесің?”: Әлішер Кәрімов туған жеріне бармауының себебін түсіндірді

Жасы 30-дан асса да, әлі күнге дейін бойдақтық өмірімен қош айтыса алмай жүрген Әлішер Кәрімов бүгінде туған жеріне баруды сиреткен. Себебі үйіне бара қалса, туған-туыстары жиылып, сүрбойдаққа үйлену туралы айта бастайды екен.

Әлішер Кәрімов

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлішердің бүгінде көңіл жарастырып жүрген сүйіктісі жоқ. Десе де, Әлішер болашақ жарының қандай болу керектігін жақсы біледі.

“Қыз болғаннан кейін көп тамақ ішпеу керек. Көп сэлфиге түспеу керек. Каратэ көрсеткен қыз бар. Әрқашанда әйел болып қалу керек. Тек қана маған емес. Әрбір жігіт осындай қыздарды қалайды деп ойлаймын”, – дейді Әлішер.

Жасы 30-дан асса да, үйленбеген Әлішердің отбасында “той” тақырыбы жиі талқыланатын көрінеді. Ата-анасы тезірек келін түсіріп, немере сүюді армандайды екен. Алайда Әлішер мұндай сұрақтардан әбден мезі болған. Бүгінде ол Таразға баруды сиреткен.

“Айтып жатыр. Ата-анам ғана емес, барлық туыстар… Сондықтан да, қазір Таразға жиі бармайтын болдым”, – дейді Әлішер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар