Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 375,45 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

8536623

Күндізгі сессияда алғашқы келісім 374,24 теңгемен жасалған. Сессиядағы саудада ең төменгі көрсеткіш 373 теңге болса, жоғарысы 376,85 теңгеге жетті.

Ал Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың баррель бағасы 2,74 пайызға, яғни 27,68 долларға дейін арзандады. Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 1,67 пайызға құлдырап, баррель құны 28,28 доллар болды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен 1 доллар 375,45 теңгені құрап отыр. Ал жалпы, жасалған сауда-саттық көлемі 75 550 мың АҚШ доллары.

Т+1 мен есептесу бойынша 1 доллардың орташа бағамы 376,00 теңгеге жеткен. Жалпы, сауда-саттық құны 800 ың АҚШ долларын құрайды.

Т+2 есептесуімен теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелмеген.

Есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE  сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,7348 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 110 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 374,60 теңгені (-3,10) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 100 400 мың USD (-111 100 мың).

 

Талқылау