Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KASE: 1 доллар 322,47 теңгені құрады

 Қазақстан қор биржасында (KASE)  таңғы есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.

20140613172552

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.

Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 322,47 (+10,55 тенге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 166 100 мың АҚШ долларын (+27 900 мың USD) құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен еуроның орташа сараланған бағамы бір еуроға 357,00 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 400 мың +200 мың) еуро

болды. Есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 48,9500 (+2,0100 теңге) теңгені құрады, ұсыным –  300 мың юаньді (+100 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік

сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Талқылау