Қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Қазақстанда қаржы пирамидалары көбейе бастады. Алаяқтарды қалай тануға болатынын Ұлттық банктың қаржылық қызмет көрсету және сыртқы байланыста тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті бастығының орынбасары Иман Аль-Кейси айтып берді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қаржы пирамидасы –  жеке және заңды тұлғалардың қаржысын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай заңсыз пайда табу. Ол  қатысушылардың артынан адам жинауына байланысты дамиды. Ұйымның қоры өз еркімен ақша салған адамның қаржысымен толығып отырады . 2014 жылдан бастап қаржы пирамидасын ұйымдастыру, құру және басқарғаны  үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң енгізілді.  Қаржы пирамидасының өмірі шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – бұл құру. Онда қатысушы алдымен қаржысын салады. Ол ұйымдастырушылардың қалтасына түсіп отырады.

Келесі кезең –  – қаржылық пирамидаға қатысушылар уәде етілген жоғары табысты талап ететін кез. Үшінші кезең – банкротқа ұшырау. Бұл кезде компания да, салынған ақша да жоғалады.

Қаржы пирамидаларының әр түрлері бар. Олар бірінші келген адамға бастапқыда салған ақшаның жоғары пайыздық мөлшерлемесін алатынын, кейін одан да көп қаржы құйса сол қаржының бірнеше есесін алтынына сендіреді. Сосын клубта үзіліс пайда болып, жабылады. Онда алынған ақшалар да жоғалады.

Тағы бір түрі, желідегі сауда компаниялары. Олар каталогтан арзан бағадағы заттарды көрсетеді немесе жаңа сатып алушыларға тегін береді. Мұндай жағдайда адам ақшасы төленген затты ала алмай қалады немесе сапасыз тауар алады.

Айта кету керек, соңғы кездері криптовалютамен қаржыландыру туралы жарнамалар көбейіп кетті. Олар аз шығын кетіріп,көп пайда табудың жолдарын ұсынады.

Криптовалюталардың ешқандай құны жоқ. Олардың бағасы нарықтағы сұранысқа байланысты реттеледі. Криптовалюта танымал болған сайын түрлі қаржылық пирамидалардың алаяқтық схемалары да пайда болады.

Қаржы пирамидаларының басты белгілерінің бірі – Ұлттық Банктің депозиттер тарту жөніндегі лицензиясының жоқтығы. Қазақстанда депозит тартуға тек екінші деңгейлі банктер мен ұлттық поштаа операторларының ғана құқығы бар. Олар Ұлттық банктің лицензиясын алған.  Жарнасы 10 миллион теңге емесе шетелдік влютада 5 миллион теңгеге дейін жинуға болады.
Қаржы пирамидасының келесі белгісі ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпараттың болмауы.Сосын ұйым табысының басты қайнар көзі көрсетілмейді. Оның нарықтағы орны, орташа табысы т.б айтылмайды. Жаңа қатысушыларға бонус төлеп, қызықтырады. Мұндай ұйымдарды қаржыландырып, салынған ақшаның қайтып келуі мүмкін емес.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанда ұялы байланыс пен желі құны айтарлықтай қымбаттайды

Болат Өтемұратовтың байлығы Қазақстанды неше күн қаржыландыра алады

Бір рет қолданылатын жаға өндіруге 14 миллион теңге бөлінді

Қазақстанда ипотека бағасы арзандауы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар