Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы министрлігі көпбалалы аналардың талабына қатысты: 1 балаға 20 мың теңге төленуі мүмкін

Еліміздің қаржы министрі Әлихан Смайылов көпбалалы аналардың 18 жасқа толмаған әрбір балаға 20 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу туралы талабына қатысты түсініктеме берді.

Қаржы министрлігі көпбалалы аналардың талабына қатысты: шынымен де 1 балаға 20 мың теңге төленуі мүмкін

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады, деп жазады Stan.kz.

«Аталған мәселе дәл қазір жұмыс тобында қарастырылып жатыр. Бұл біріншіден, көмек көрсету жасының ұзақтығы – бір жасқа дейінгі балаға емес, одан да көп жылға ұзартуды талап етулеріне байланысты. Ал төлемдер көлемін арттыру мәселесі бойынша тиісті ұсынысты енгіземіз», – деді қаржы министрлігінің басшысы Әлихан Смайылов баспасөз мәслихатында.

Қаржы басшының сөзіне жауап ретінде БАҚ өкілдері аналардың осындай талабының қанағаттанырылуының қаншалықты рас екенін және оған қаржының жету-жетпеу мүмкіндігін сұрады.

«Бұл нақты және қазір біз осыған қатысты жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, қазір сіздерге нақты  қаражат мөлшерін айта алмаймын. Себебі, бұл талқылау процесінде, сондықтан бүгін қандай да бір соманы айтып, ертең оның басқа болып шыққаны дұрыс емес. Бұл менің тарапымнан дұрыс болмас еді», – деп түсіндірді ол.

Айта кетсек, Қазақстандағы төрт немесе одан да көп балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар санатына кіреді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2018 жылға дейінші есеп бойынша елде 230 мыңға жуық көпбалалы ана тұрады. Ал олардың көпшілігі кедейліктің шегінде, нашар жағдайда тұрады.

Тағы оқыңыз: 2019 жылы көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы: Көпбалалы отбасыларға қандай көмек тиесілі

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау