Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы министрі жемқорлыққа ең бейім саланы атап көрсетті

Қазақстанның қаржы министрлігі жемқорлықа ең бейім саланы атап көрсетті. Жемқорлық ең бейім сала мемлекеттік сатып алудағы құрылыс саласы болып табылады.

Бұл туралы Sputnik басылымы жазды.

“Құқық қолдану тәжірибесі көрсеткендей, жемқорлыққа ең бейім сала – мемлекеттік сатып алудағы құрылыс саласы, ол жерде сұранымдарды жаппай қабылдамау себептері жобалық-сметалық іс-қағаздармен байланысты”, — деді Сұлтанов мәжілістегі үкімет сағатында.

Оның айтуынша, конкурстық іс-қағаз шектен тыс құжаттар санын талап етіп, ескірген әдістемені пайдаланады. Жемқорлыққа әкеліп соқпас үшін, министрлік құрылыс саласындағы сатып алулар бойынша жеткізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдету жұмысын атқаруда.

“Мемлекет басшысының 2017 жыл 31 қаңтардағы Жолдауын орындау мақсатында шығарылған заң жобасына тиісті түзетулер енгізілді. Жуық арада оны сіздердің қарауларыңызға ұсынуды жоспарлап отырмыз”, — деп түсіндірді Сұлтанов.

Дәлірек айтқанда, материалдық және еңбек ресурстары бойынша талаптар жойылатын болады, өйткені оны құрылыс жұмыстарын жүргізуге берілген лицензия растайды.

“Біздің пайымдауымызша, көрсетілген түзетулерді қабылдаған жағдайда құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулар кезінде тапсырыс берушілер мен мемлекеттік аудит органдары тарапынан жемқорлық қаупі төмендейді”, — деді министр.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлттық банк Delta bank-ті лицензиясынан айырды

Қырғызстаннан елімізге келген сапасыз тауарлар кері қайтарылды

Мұнай бағасы соңғы екі жылда алғаш рет 62 доллардан асты

Қазақстанда қазан айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 25 738 теңгені құрады

Талқылау