Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы министрі зейнетақы қорындағы жұмсалып кеткен ақшаға байланысты пікір білдірді

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Әзербайжан халықаралық банкіне зейнетақы қаржысын аударған Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы пікір білдірді.

9728149

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Бұл әрине менеджменттің жауапкершілігіне келіп тірелетін нәрсе, бұл қаралып жатыр. Біз бұл туралы бөлек хабарлаймыз”, – деді Сұлтанов.

Бұған дейін “Ақжол” мен Коммунистік партияның мәжілістегі өкілдері де қазақстандықтардың зейнетақы қорын инвестиция қылып жіберген БЖЗҚ лауазымды шенеуніктерін жазалауды талап еткен еді.

Ал шын мәнінде Қазақстандық БЖЗҚ әзербайжан банкіне 71 миллиард доллардан астам қаражатты салған. Әзербайжандық банк былтырғы жылдың қорытындысы бойынша миллиард доллардан астам қарызға кіріп, қарызды өтеу үшін банкроттық процедураларды бастайтынын жариялаған. Қазақстанда еліміздің зейнетақы қорынан алынып салынған миллиардтаған қаражат кері қайтпай қалуы мүмкін деген де қауіп туындап отыр. Өз кезегінде Әзербайжан тарабы банктың қарызын қайтарып беретінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Депутаттар шетелдің қымбат көлігінен түскісі келмейтін шенеуніктерді сынады

Елбасы “Назарбаев Университеті” басшысымен ағылшынша сөйлесті (видео)

Назарбаев кәсіпкерлерге қысым көрсетуді доғаруды талап етті

Астана әкімі Исекешев асықты шебер ойнайтынын көрсетіп таңғалдырды (видео)

Талқылау