Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаржы министрлігінің бірінші вице министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Берік Шолпанқұлұлы

Шолпанқұлұлы Берік1976 жылы Алматы облысында дүниеге келді. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист және бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша бітірді, деп хабарлайды Рriminminister.kz сайты.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде ақшалай және мемлекеттік қарыз басқармасының қазынашы қызметінен бастады.

Жылдар бойы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазыналық жүйесінде жетекші лауазымдарда болды. 2008 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары болды. 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр