Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Аэрофлот” ұшқышы 30 млн теңге қарызы үшін Ақтөбеден ұша алмай қалды

Мәскеуден Ақтөбеге ұшып келген «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшқышы Сергей Добролежев кері қайта алмай қалды. Кедендік бекеттен өтетін кезде, ұшқыштың фамилиясы қарызы бар адамдардың базасынан көрініп, Қазақстаннан сыртқа шығуға тыйым салынғаны анықталған.

625dbe41056fe2210359df74205fe557

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Біздің еліміздің азаматы болып саналатын Сергей Добролежевтің қарыз сомасы – 30 млн теңге шамасында екен.

Бір кездері Сергей Добролежев жеке мүлкін сатпақшы болғанда, оның әйелі бұл шешімге келіспей сотта күшін жойған. Сол кезде мүліктен айырылып қалған сатып алушы Добролежевтен мүлік бағасына сәйкес шығынды өтеп беруін талап еткен. Бірақ, Сергей ол мезетте Ресейге қоныс аударып кетеді.

Енді Ақтөбе қалалық соты оған Қазақстаннан сыртқа аттап басуға шектеу қойып отыр.

Ұшақ әуеге көтерілу үшін, «Аэрофлот» әуекомпаниясы өзге ұшқышты жіберемін дегенше, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің күте тұруына тура келді. Ал, Сергей Добролежев өзінің мәселесіне байланысты алдағы уақытта сот орындаушыларымен кездеседі.

Талқылау