Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 14:59

5 маусым күні лаңкестер шабуыл жасаған «Пантера» мен «Паллада» қару-жарақ дүкендерінің иелері оқиғадан кейін 20 АЕК әкімшілік айыппұл төлеп, барлық кемшілікті жойды.

0_c5d62_5de51d5f_orig

Бұл туралы облыстық прокуратураның ІІ басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратов айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Облыстағы барлық қару-жарақ дүкендері облыстық прокуратура, облыстық ІІД, Ішкі істер министрлігінің тексеруінен өтті. «Пантера» дүкенінде қару-жарақты сақтау кемшіліктері анықталды. Дүкен иесіне 40 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Ал «Паллада» дүкенінің иесі қару-жарақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Дүкен ішіне кірген адам қаруға оңай қол жеткізген. Шүріппелері бекітілмеген. Сондықтан қылмыстық іс тергеліп жатыр», – дейді Мырзамұратов.

Айта кетейік, екі қару-жарақ дүкені де қару-жарақты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету кемшіліктерін жойып, айыппұл төледі.

«5 маусым күні болған лаңкестік оқиға әлі тергеліп жатыр. Сондықтан іс туралы қандай да бір ақпарат беруге болмайды. Қазір 67 материал бар. Бірнеше прокурор тергеу жұмыстарына қатысып жүр. Кінәлілер мен оларға көмектескендердің барлығы ұсталды»,- дейді Басқарма басшысы.

Ақтөбеде  5 маусымда екі қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге  қарулы шабуыл жасалды. ІІМ деректеріне сәйкес содырлардың көбі ұсталды.
 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар