Қарттық ешқандайда қайғы емес: өмір 70 жаста басталады

Сәрсенбі, 20 Қаңтар , 2016 14:12

Ресейлік фотограф Владимир Яковлев өзгелерге ұқсамайтын ерекше қарт адамдар туралы іздеп жер шарын кезіп шыққан. Фотограф адамдарды алға ұмтылдырып, жігерлендіре түсетін суреттер сериясын жасай алған.

Desktop22

Бұл туралы BigPicture сурет сайты хабарлайды.

86 жастағы Айвон Доль өмір бойы мәнерлеп сырғанаумен айналысқан. Алайда 80 жасқа толған кезінде жол апатына ұшырап, дәрігерлер оған мұзда сырғанауға тыйым салады. Ал әжей қазір, мәнерлеп сырғанауды тоқтатпақ түгілі, сайыстарда жүлделі орындар алып көзге түсіп жүр.

Lifebeginsat70-01

Нина Мельникова (75) және Антонина Куликова (75) 70 жастарында өздері үшін айкидо орталығын ашқан. Енді олар аптасына екі мәрте 3 сағаттан дайындалады және ешбір жаттығуды қалдырған емес.

Lifebeginsat70-02

Джоанна Каас (86) гимнастиканың нағыз жұлдызы. Бірақ, бұл оның бала кезден осы спортпен айналысатынын білдірмейді. Зейнеткер спорттың бұл түрін 56 жасында өзі үшін ашқан. Ал, міне 30 жылдан бері түрлі жаттығуларды қиналмастан орындап келеді.

Lifebeginsat70-03

Кәсіби парашютші Пат Мурхэд (81) өзінің 80-ге толған туған күнін 4000 метрден топпен бірге секіріп атап өткен. Сондай-ақ өзінің әйелімен бірге ол әлемнің 180 елін аралап шыққан.

Lifebeginsat70-04

Грета (61) сырықта билеуді бірер жыл бұрын ғана қолға алған. 59 жасында оған дәрігерлер остеопороз деген диагноз қойып, спортпен айналысуды ұсынады. Нәтижесінде, әжей өзі үшін ең қызықты спорт түрін таңдап алды.

Desktop22

Монтсеррат Мечо (78) 4000 метрден парашютпен құлдилаудан ерекше ләззат алады. Қарттыққа пысқырмайтын ол скай-дайвингпен де айналысып, бірнеше рекордқа қол жеткізген.

Lifebeginsat70-06

Ллойд Кан (79) скейтбордингпен 65 жасынан бері шұғылданады. Бір кездері Shelter Publications баспалар үйінің негізін салған салиқалы кісіні, бүгінде көшеде спортпен айналысып жүрген жерінен кезіктіруге болады.

Lifebeginsat70-07

Руфь Флауэрс әлемдегі ең танымал диджейлердің бірі болды. Оны 68 жасында туған қаласындағы белгілі түнгі клуб жұмысқа шақырады. Осыдан соң оның атағы шарықтап кетеді. Тіпті жұмыс бабымен Лондон, Токио, Нью-Йорк қалаларын да аралайды. Өкінішке орай, диджей әжей былтыр 83 жасында өмірден озды.

Lifebeginsat70-10

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар