Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Картоппен қалай емделуге болады?

Әрбір үйдің асханасында бұл көкөністің кездесетіні анық. Картоптан мыңдаған тамақ түрін дайындауға болады екен. Сонымен қатар, картоп емге дәру екенін біреу білсе, біреу білмес.

2121

Ангина

Картоптардың ұсағын таңдап аламыз. Жақсылап жуып, ыдысқа аз мөлшерде су құйып, қайнатамыз. Суды аз құюымыздың себебі, бу судан емес, картоптан шығуы тиіс. Картоптың иісі қатты шыққан соң, отты сөндіріп, ыстық ыдысты үстелдің үстіне әкеліп қоямыз. Басымызды көрпемен бүркеп алып, ыдыстың ішіне мұрнымызбен 10-15 минут шамасында терең демаламыз. Бумен демалып болған соң, салқындап қалмас үшін жылдам көрпе жамылып жатыңыз. Күніне 1-2 рет жасаған жөн. Жоғарыда жазылғандай емдеу жолы ангинаны қайтаруға және тыныс алу жолдарының қабынуын басуға көмектеседі.

Жоғары температура

2 картопты үккіштен ірі етіп өткіземіз. Оған 1 ас қасық сірке суын құйып, бірнеше қабатталған дәкенің үстіне салып шығыңыз. Дайын компрессті маңдайыңызға қоясыз. Біраз уақыттан соң алып тастап, басқа жаңасын дайындап маңдайыңызға қойыңыз. Осы әдіспен ангинаны кетіруге де пайдалансаңыз болады. Ол кезде компрессті мойныңызға қойып, үстінен жылы орамалмен байлап тастайсыз.

Үсу

Суықтан қолыңыз қызарып кетсе, қолыңызды картоп қайнатылған жылы суға салып, бірнеше уақыт ұстағанның өзі жеткілікті. Бет терісінің үсіп кеткен бөліктеріне картоп компресін жасауға болады. Ол үшін қабығы ашылмаған картоптарды қайнатып, ыстық күйінде жылдам езіңіз. Ыстығын жоғалтпауы тиіс. Дәкеге немесе мата бөлігіне картоп езбесін жағып, зақымдалған жеріңізге суып кеткенше ұстау қажет. Одан соң мақтаны лимон шырыны мен су араласқан сұйықтыққа малып, зақымдалған жерді бірнеше рет сүртіңіз.

Күйік

Картопты тазалап, үккіштен өткізіңіз. Оны 4-5 рет оралған дәкеге салып шығыңыз. Дәкені зақымдалған жерге қойып, үстінен жақсылап байлап шығыңыз. 2 сағаттан соң алып тастап, басқа жаңасына ауыстырыңыз. Егер қайнап жатырған су және май тамшыларына күйіп қалсаңыз немесе қолыңызды ыстық ыдысқа басып алсаңыз, ауырып тұрған жеріңізге жылдам картопты тазартып, екіге бөліп басыңыз. Әр 2-3 минут сайын ауыстырып, жаңа картоп бөліктерін басу қажет.

Талқылау