Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қартайған шағымда да оны сағынатын болам: Томирис Байсафаның анасы жантебірентерлік жазба қалдырды

Мәскеуде қаза болған Томирис Байсафаның анасы жантебірентерлік тағы бір жазба қалдырды. Жанна Ахметова қызының өліміне қатысты Мәскеуге жауап беруге барады.

«Мен өмір сүрдім, армандаым, әр нәресенің иісін сезіп, қолмен ұстап көрдім. Ақша жинадым, жұмыс істедім, өмір әлі алда деп ойладым. Бірақ бәрі бір сәтте… Бір жексұрын, менмен, қара біреу бәрін құртты. Ол сол үшін жауап бермеймін деп ойлай ма екен. Қарттартың өмірден қалай өтетінін, тіпті менің де ата-анам бір күні өмірден өтетінін, көлік қағып кеткенде, суға батып кеткенде, төбелесте, жолдан өткенде адам өлетінін түсінем. Бірақ оқу орнында, тапа-тал түсте, сенетін адамыңның жанында көз жұму дегенді түсінбеймін. Және сол үшін жауап бермеу дегенді түсінбеймін», – деп жазды Жанна Ахметова желідегі парақшасында.

Ол Мәскеуге қызының өліміне қатысты жауап беруге баратынын айтты.

«Жіберу керек? Қалай? Біреуді жіберуге, жібермеуге бола ма? Киімдерін шкафтан алып тастап, ұмыту мүмкін бе? Бұл жүректің қызметі, махаббат қой. Сіз жүрегіңізді алып тастай алмайсыз ғой. Жаратқан менен алайын ба деп сұраған да жоқ. Мен оны жібермейтіндей кіммін? 21 жыл күресу, жақсы көру, сосын ұмыта салу деген… Миллион жыл өтсе де, әже болсам да, мен оны сағынатын болам. Жақсы көретін адамның бәрі сөйтеді деп ойлаймын. Бұл деген жұтып жүрген ауаңды өзгертіп тастаған секілді. Бұрынғыдай тыныс аласың, бірақ басқаша. Мен ешкімді ұстап жүрген жоқпын. Ұстаған де емеспін. Тек бәрі менің есімде.

Маған 21 жыл оны таныһуға мүмкіндік бергеніңе рахмет. Періштелерді ұзақ уақыта бермейді. Оларды бізге әлдене үйрету үшін береді деген рас шығар»,  деп жазды Жанна Ахметова.

Ресейдегі Қазақстан елшілігі де істі бақылауда ұстап отыр.

Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

Бұған дейін Томирис Байсафаның анасы қызымен бірге жүрген достардың сатқындығы жайлы айтқан еді. Сонымен қатар іспен нақұрыс тергеушілер айналысқанын жазып, тергеу ісінің Ресейдің Мәскеу қаласы бойынша бас тергеу комитетіне жіберілгенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау