"Қарт адаммын, үйімді тазалап беріңдер": Ақтөбеде қызды зорламақ болған қария балаларды кәмпитпен алдаған

Ақтөбеде кішкентай қызды зорламақ болған қария балаларды кәмпитпен алдап, үйіне шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде тапатал түсте 75 жастағы егде адам кішкентай қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған. Куәгерлердің айтуынша ол кішкентай қызды кәмпитпен алдап, үйіне шақырған.

Бұны көрген қарияның көршілері оны бейнежазбаға түсіріп алған. Тұрғындар 75 жастағы егде адам қызға азғындық әрекет жасамақ болғанын өз көздерімен көргенін айтты. Ақтөбелік қария балалардан үйін жинап беруді өтінген көрінеді. Алайда күдіктінің өзі бұл деректі жоққа шығарды. 

"Менің де қызым бар. Олар ойдан шығарып отыр" , - дейді айыпталушы.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті түсініктеме беріп, мән-жайды түсіндірді.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 124 бабы бойынша "Кішкентай балаларды азғындыққа тарту" тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Саркулов.

Естеріңізге салат кетейік, Ақтөбеде кішкентай қызды зорламақ болған қария ұсталып, видеосы жарияланған болатын.

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр