Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласын нокаутқа құлатқан ММА жауынгері жеңісін Денис Тенге арнады (видео)

Ингушетияның Таргум қаласында өтіп жатқан М-1 Challenge-95 «Таудағы шайқас-7» турнирінде қазақстандық жауынгер Сергей Морозов жекпе-жек өткізді. Украиндық Закия Фатуллазадемен айқасқан жауынгер бұл жеңісін танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қарсыласын нокаутқа құлатқан ММА жауынгері жеңісін Денис Тенге арнады

«Кездесудің алғашқы секундтарынан бастап-ақ ол қарсыласынан басым түсіп, ортаны бермей тұрды. Фатуллазадеге бірнеше ауыр соққа жасаған Морозов бірінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда қарсыласын техникалық нокаутпен құлатты»,- делінген Қазақстанның ММА федерациясының хабарламасында.

Кездесуіден кейін сөз сөйлеген Сергей Морозов бүгінгі жеңісін қайғылы жағдайға көз жұмған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнады.

«Жеңісімді жақында қайғылы жағдайда қаза тапқан біздің мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнаймын. Мен осы жеңісімді Дениске және бүкіл Қазақстанға арнаймын. Алға, Қазақстан!»,-деді жауынгер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау