Шымкенттік қарияның мойнына шыққан ісігін құрбақамен қайтарған

Жұма, 26 Тамыз , 2016 9:02

Шымкент тұрғыны бір кездері атасының мойнында үлкен ісік болғанын, жылдар бойы мазалап келген ісіктің бетін қалай қайтарғанын айтып берді.

Rana_temporaria-Prorokjchs2006

Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.

Менің негізгі айтайын дегенім, менің атамның мойнында үлкен тыртық болатын, бірде мен ол кісіден сол тыртықтың неден қалғанын сұрағанмын. Сонда атам былай деген еді:

«Соғыстан аман-есен оралғасын шаруашылық жұмыстарына білек сыбана кірісіп кеткен кезім. Қай кезде пайда болғанын байқамаппын, мойныма бір түйін шығыпты. Мен оны солқылдатып ауырта бастаған кезде ғана аңғардым. Кейін ол көлемін ұлғайта бастады. Күндіз жұмыста жүргенде ет қызуымен білінбейді, ал түнге қарай жаныма қатты батырып ауырады, тіпті түнде ұйықтаудан қала бастадым. Сонда да күндіз мойнымды орамалмен таңып алып жұмысқа баратынмын.

Бірде мен тәуіпке көріндім. Ол менің мойнымдағының ісік ауруынан екенін айтты, бір дәрілер берді. Бірақ сол дәрілердің маған жәрдемі болған жоқ. Бірте-бірте ауруым асқынып, өмірден күдер үзе бастадым.

Сөйтіп жүргенде ауылдас ағайынымыз келін түсірді. Соның тойын өткізіп болған соң құда шақырғанбыз. Жұрттан келіннің әкесі емшілігі бар, сауатты молда кісі екенін естідім. Құдаларды ағайынды бес үй кезек-кезек күткенбіз, кезек біздің үйге келгенде құдадан мойнымдағы ісікті көріп, қолынан келсе, ем жасауын өтіндім.

Содан құда мені бөлек бөлмеге кіргізіп қарады, мойнымдағы орамалды шешкізіп, ісікті көрді де, тез арада көлбақа таптырып әкелуді тапсырды. Балалар көп ұзамай-ақ құдаға тірі бақа әкеліп берді. Ол кісі бір дөңбек алдырып, көз алдымда бақаны пәршелеп шапты да, дене бөліктерін жылы күйінде мойныма қойып, үстінен мықтап таңып тастады. Күн кешкірген кез, мазам кетіп тұр еді, төсекке жатып қалдым. Мойнымдағы ісіктің солқылдап жатқаны есімде, ұйықтап кетіппін.

Содан тас болып ұйықтап, таңертең бір-ақ тұрдым. Денем жеңілдеп, сергіп қалыппын. Орамалды шешіп, айнаға қарасам, ісіктен із жоқ, ол жарылыпты, мойнымда қою қара қанның ізі ғана қалыпты. Қуанғаннан жүрегім жарылып кете жаздады. Емші құдаға қайта-қайта алғысымды айтып шығарып салдым. Ауру содан қайтып мені мазалаған жоқ. Бұл, балам, сол емнен кейін қалған тыртық қой», – деді атам.

“Міне, менің атамның басынан осындай жай өткен екен. Адамды ауыртпасын, дегенмен біреулер ауыра қалса, бақаның да шипасы тиіп қалар деген ниетпен жазып отырмын”, – дейді немересі.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық емші жылан мен кірпі сорпасын беріп науқастарды емдеп жүр (видео)

Шымкенттік бақсы бала түсінде аян берген соң қобызбен жұртты емдеп кеткен

Аралқұмдық емші бала Ербосын 17 жыл сөйлемеген қыздың тілін шығарды

Құран сүрелерімен емдейтін шымкенттік емші айықпас дертке шалдыққандарды ауруынан жазады

Емші бала Ербосынның өмірі қазір айтарлықтай өзгерген (фото, видео)

Ақтөбедегі аты шулы емші Қыдыр атаның бір күні

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жумабек says:

    Мен де осыған ұқсас əңгіме естіп ем. Тек ісікке тірі бақаны таңып тастайды. Бақаның жандаусы шығады екен. Ол ісініп өліп қалады да сырқат адам ауруынан құлан таза жазыладв.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
31.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар