Қария Кенталдың ғашығын сомдаған Меруерт Өтекешова тыңдармандарды тәнті етті (видео)
Әнші Кентал махаббат тақырыбына арнаған кезекті бейнебаянын жарыққа шығарды. Алайда “Космос” әншінің бұрынғы туындыларына мүлдем ұқсамайды. Себебі мұнда Кентал қарияның кейпіне енеді. Ал оның ғашығын Қыз Жібекті сомдаған әйгілі актриса Меруерт Өтекешова ойнайды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Оқиға желісі бойынша, қария Кентал 40 жыл бұрынғы махаббатын кездестіреді. Одан кейін ешкімді сүйе алмағанын, ғұмыр бойы жалғыздықта өмір сүргенін айтады. Ал Меруерт Өтекешова әлдеқашан үйлі-баранды болғанын аңғартады. Ол жақында немересінің 1-сыныпқа аяқ басатынын айтып қуанады.
Тың идеяға құрылған клип тыңдармандарды тәнті етті. Көпшілік Кенталдың ізденімпаз әнші екенін айтып, туындыны жоғары бағалап жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Қыдырәлі мен Қарақаттың қыздарына қандай есім бергені белгілі болды
Айгүл Иманбаева: Жалғыз ұлымды оқыта алмасам, өмір сүргенім бекер шығар
Қайрат Нұртастың келіншегі «Праймдағы» оқиғадан кейін біраз қиындықтар болғанын айтты
Талқылау