Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қария қайтыс болар алдында көршісінің қызына 14 жылға сыйлық әзірлеп кеткен

Британияның Барри қаласында қария өлерінен бұрын көршісінің қызына 14 жылға сыйлық жасап кеткен.

Оуэн мен Кэролайн Уильямс Кен есімді ер адаммен екі жыл көрші тұрды. 80 жастағы көршісі ерлі зайыптының Кади есімді қызымен жақсы қатынаста еді.

Жақын күндері қария қайтыс болды.

“Үйге көршінің қызы келіп сыйлық тастап кетті. Сыйлық қызыма Рождество мерекесіне орай жіберілген екен”, – дейді әкесі.

“Мен сыйлықты бөлмеге апарып қойғанымда әйелім анасымен сөйлесіп жатқан. Әйелім сыйлықты көріп жылады, мен де жыладым, енем де жылап қалды”, – дейді ол.

Олар көршісінің осындай сый жасайтынын білмепті. Қарияның сыйлықты екі жыл бойы алғаны, әлде өлер алдында алғаны белгісіз.

Сыйлықтар ішінде балалар кітабы, ойыншықтар, Lego Duplo құрастырғышы болды.

Қария зейнетке дейін сүңгуірші болып жұмыс істеген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау