Қария дәрігерлер төсектен құлатып алғандықтан көз жұмды
Қорғанда жергілікті ауруханалардың бірінде орын алған оқыс оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл туралы РЕН.ТВ хабарлайды.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 67 жастағы кейуана дәрігерлер оны төсектен құлатып алғандықтан көз жұмған. Осының салдарынан ауыр жарақат алған болуы мүмкін.
Қазіргі таңда тергеушілер істің мән-жайын анықтап, экспертизалық тексеру жүргізіп жатыр. Ал аурухана басшылығы журналистерге түсініктеме беруден бас тартқан.
Жіберіп алмаңыз:
Зейнеткер ауырып жатқан кемпірін “азаптан құтқару үшін” өлтірген
Талқылау