Кореяда адамдарды саңырауқұлақтармен бірге жерлеу ұсынылды

Сәрсенбі, 10 Ақпан , 2016 10:24

Дизайнер Ли Джэрим өзінің әріптесі Майка Мамен бірге адам сүйегіне ешқандай зиян келтірмей, саңырауқұлақтар арқылы пайдаға асыратын костюм ойлап тапты.

2abe43eb7d256b

Бұл туралы tjournal.ru сайты хабарлайды.

Әдеттегі жерлеу дәстүрі бойынша жер қойнына тапсырылған адам денесінен улы заттар бөлініп қоршаған ортаға үлкен зиян әкеледі. Дизайнерлердің өнертабысы осындай қиындықтан қашуға болатынын көрсетеді. Лидің айтуынша, саңырауқұлақтың табиғаттағы пайдасын білгеннен кейін осындай идея келген. Саңырауқұлақтар – өмір мен өлімді байланыстырушы бірден бір әдіс, дейді олар.

Алты жыл бойы Ли жерлеу рәсімін саңырауқұлақтармен бірге жүзеге асыратын Infinity Burial Suit атты арнайы костюм дайындаған. Лидің айтуынша олардың компаниясы жерлеу рәсімінің дайындығына қатысы бар шаралардың барлығына қатысып, өз кәсіптерін өрістетуге пейілді. Олардың басты мақсаты – адамдарға өлімнен қатты қорықпай қалыпты қарауды үйрету және планетамыздағы экологияның жай-күйін қалыпқа келтіру.

Infinity Burial Suit костюмдерінің алғашқы партиясы 2016 жылдың жазында шыға бастайды. Ли Джэрим қазірден бастап клиенттердің тізімін құруды бастап кеткен.3fd8552ea66533

Кәріс дизайнері – жерлеу рәсімінің салдарымен күресіп, экологиялық жағдайды реттеуге ұмтылған жалғыз адам емес. 2014 жылы АҚШ-та Urban death project жобасы басталған болатын. Олар адам организміне арнайы құрылғылар орнату арқылы, адам денесінің қоршаған ортаға зиян келтірмеуін ұсынған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар