Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карина Сәрсенова: Ақша – энергия, ал энергияны басқара білу керек

Отандық продюсер Карина Сәрсенова дағдарысты қалай жеңу керектігі туралы айтты

1234

Бұл туралы Экспресс-К жазды.

Дәл жаңа жылдың қарсаңында келген экономикалық дағдарыс шоу бизнес өкілдерінің көңіл-күйін түсірген жайы бар.

Әрине, солай болары анық, себебі, жаңа жылдық мереке  – олардың біршама қаржы тауып қалатын мезгілі емес пе?  Бірақ продюсер Карина Сәрсенова өз жобаларын әрі қарай жетілдіре беруді тоқтатпайтынын айтады.

 Қазіргі  кезде Сәрсенова ханым продюсерлік жасайтын 14 жобасы бар. Олардың ішінде рок-әнші Әсем, жеке орындаушылар Меруерт Мүсірәлі, «Туран» этнофольклорлық тобы,  «Парнас» қыздар триосы, ST brothers этноджаз ұжымы, «Қазына» вокал ансамблі және Crazy Smile атты жаңа дуэт бар.

«Иә, біз де басқа да орындаушылар сияқты жағдайды бастан кештік, – дейді Карина. – Бірақ қазақстандық шоу-бизнестің ерекшелігі сол – мұнда ешкім де тек сахна арқылы табатын пайдаға қарап отырған жоқ. Менің қарамағымдағы әртістер мысалы, филармонияда, Абай атындағы опера және балет театрында жұмыс істейді, мемелкеттік, жекеменшік жоғары оқу орындарында сабақ береді. Сондықтан тапсырыстардың азайып кетуіне бәлендей көңіліміз түсіп жатқан жоқ. Белсенді түрде шығармашылықпен айналысып  дағдарысқа қарсы тұрамыз. Халық дағдарыс кезінде де (әсіресе дағдарыс кезінде)  өнермен сусындауы үшін, жаңа әндер, клиптер, мюзиклдар қойып, кино түсіреміз. Адамдар әсіресе қиын кезеңдерде  рухани нәрселермен сусындауы керек. Менің әртістерім шығармашылығын шыңдаумен айналыса береді, ал дағдарыстан шыққанда нағыз бабындағы әртістер болып шығады.

Сәрсенованың айтуынша, ол продюсерлік жасаудан бас тартпайды, өйткені оның коммерциялық емес жобалары да бар.  Ал ол жобалардан ешкім де ақша күтпейді.

«Бірақ біз әрбір бейнебаянды қаржыландыра бермейміз, оның басқа да үнемді жолдарын іздейтін боламыз, – дейді продюсер.  – Дағдарыс кезінде  кімнің кім екені анықтала түседі, отандық шоу бизнестегі сапасыздық бұрынғыдан да анығырақ көріне түседі. Ал сол көп сүреңсіз нәрселдердің арасында жоғары кәсіби шеберлік жарқырап көрінетін болады.  Біз соған талпыныс жасаймыз. Біздің мақсатымыз – шын мәнінде талантты әртістер дайындау.

Карина Сәрсенова сондай-ақ, қазақстандықтарға  қаржылық ахуалын қалай жақсартуға болатыны туралы кеңес берді.

«Қаржылық жағынан ауқатты болу – бұл позитивті карма,– дейді продюсер. – Ал ол өткен өмірінде материалдық құндылықты пайдалана отырып, өте үлкен жақсылық жасаған адамда болады.  Бай адам, әрине, кіршіксіз, әулие адам емес.  Бірақ оның байлығы   – бір кезде жасаған жақсылығының қайтарымы. Осы өмірдегі қаржылық жағдайды жақсартуға да болады: ол үшін мұқтаж жандарға қол ұшын созу керек. Бірақ бұған саналы түрде, қайтарымын күтпей бару керек.  Сонымен қатар өз мақсаттарын айқындап алуға кеңес берер едім. Ақша не үшін керек, қанша керек, неге осыншама керек деген сияқты сұрақтарға жауап нақты болуы  тиіс. Өзіңізге  өзіңіз өтірік айтпаңыз, сонда нағыз мәнін, мақсатын ұғасыз. Сол кезде мақсатқа жетудің қайнар көзі ашылады.  Сонымен қатар, сенімді емшіге барып, биоаймағыңызды тазалаттырып алуыңызға болады.  Көп жағдайларда жолы жабылып қалған адамдар қарыздарынан құтыла алмай жүреді. Рухани тазарудың өзіңізге сәйкес келетін жолдарын таңдаңыз. Ол дұға оқу бола ма, медитация ма, цигун немесе йоганың кез келген түрі болуы мүмкін. Есіңізде болсын, ақша – энергия, ал энергияны басқара білу керек.

Талқылау