Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карина Абдуллина ұлын Болат Сыздықовтың атына жаздырғанын айтты

Әйгілі «Мюзикола» тобының солисі Карина Абдуллина КТК арнасының «Другая правда» бағдарламасына қатысып, өмірін өксікке толтырған кезең туралы айтып берді.

карина1011

Фото со страницы в Facebook Карины Абдуллиной

Анасыз өскен Карина биылғы жылы әкесінен де айырылды. Ананың махаббатын, мейірімін көрмей өскен әнші бала күнінен бастап бақытты отбасын құруды армандаған. Алайда арманы Каринаны адастырды, өмірлік серігін таңдауда жаңылыстырды. Бұл туралы әншінің өзі:

«Былтырғы жаңа жыл мейрамында күйеуім Артеммен бірге оның анасының үйіне бардық. Жүкті екенімді отбасылық мерекеде айтамын деп ұйғардым. Алайда бұл жаңалықты естіген енем өкінбесе, қуанған жоқ. «Тағы қандай бала туралы айтып тұрсың?» – деді. Шынымды айтсам, өмірде мұндай адамдардың бар екенін білмеппін. Қалайша тағдыр мені мұндай адамдармен жолықтырды? Түсіне алмадым. Ең сорақысы, мені қолдауға тиісті болған күйеуім анасының сөзін сөйледі. Соның бетінен сүйіп, үйден шығып бара жатқан мені жұбатуға асықпады”, – деді көзіне жас алған Карина.

Анасының сөзіне еріп, жұбайының көз жасына, оның құрсақтағы сәбиіне де қарамаған Артем одан кейін Каринаға қол көтерген. Абырой болғанда, марқұм музыкант Болат Сыздықов әріптесіне қол ұшын беріп, баласына әкесіндей қамқор болып, барынша қолдау көрсеткен. Каринаның ұлын өз туғанындай көріп, тегін берген. Яғни, құжат бойынша, Каринаның ұлы Альберттің әкесі – марқұм Болат Сыздықов.

“Болат өмірден озған кезде асқар тауымнан айырылғандай күйде болдым. Ол менің тірегім еді, өмір бойы мені қорғап-қолдап келді. Қайтыс боларынан бұрын, тау бөктерінде орналасқан үйін менің ұлым Альберттің атына жаздырып кетіпті. Неге дейсіз ғой? Себебі, ол Альберттің көздерінің маған ұқсап туғанын айтқан”, – деді Абдуллина,

Бағдарлама барысында Карина өмірлік естеліктерімен бөлісіп, ағыл-тегіл жылады. Бүгінде ол ұлы Альбертті жалғыз өзі тәрбиелеуде. «Өмірімнің жалғыз мәні де сол», – дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы жас жігітпен жүретін 46 жастағы әйелді эфирден қуып шықты

Айша Бүркіттің сүйіктісімен айырылысуына себепші болғанын айтты

Серік Ибрагимов: Үйленгенін жасыратын әншілерді түсінбеймін

Айнұр Ілиясова ашық-шашық фотосессиясына қатысты пікір білдірді

Талқылау