Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарин: Күштік құрылым Ақтөбедегі шабуылдауда өз жұмысын жақсы атқарды

Қазақстандық күштік құрылым қызметкерлері Ақтөбеде болған террорлық шабуылдауда бұдан да құйтырқы ойластырылған жоспардың жолын кесуге қаухарлы еді, деп есептейді Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Қарин.

қарин

« Ақтөбеде болған жайтқа байланысты түрлі пікірлерді оқып жатырмын. Түрлі ойлар айтылған, олардың ішінде ең сорақысы «арнайы жасақ қызметі қайда қарап отырды? Қалай жіберіп алды, тіпті осы оқиғаны Күштік құрылым қызметкерлері елдегі ішкі проблемаларда халықтың белсенділігін төмендету мақсатында өздері ұйымдастырған болуы мүмкін» деген мағынадағы пікірлерді көрдім. Мен арнайы қызмет пен күштік құрылым қайғылы жайтта оқиғаның бұдан да құйтырқы жоспарын бұза аларына сенімдімін»,-деді Ерлан Қарин.

Оның пікірінше арнайы жасақ арам пиғылдағы шабулдаушылардың аяқасты әрекетінде жақсы жұмыс істеген. Олар өз жұмыстарын орынды әрі дәл уақытында атқаруының бірден бір дәлелі шабуылдаушылардың жолын кесті, дейді Қарин.

Сондай-ақ, саясаттанушы Сириядағы соғысқа қатысып, елге түрлі жоспармен келген, қазір абақтыға жабылған азаматтармен кездесуі жайлы айтып берді.

«Сириядағы соғысқа қатысып, мақсаты мен жоспарын айқындап елге оралғандар көп болды. Олардың бірі сол елде үш ай бойына мина жасау және жару бойынша машықтанып қайтқан. Ол өз елімізге арнайы жоспармен қайта келген. Өзі тұрған қалада пәтер жалдап тұрған. Тіпті телефонындағы номерді күніне ауыстырып, әр дәріханадан жарылғыш зат жасайтын заттарды миллиграммдап жинаған. Елді есеңгірететін шабуыл ойластырып, өзіне көмекшілерді жинай бастаған. Ойы жүзеге аспай жатып арнайы жасақ оны ұстап, қайғылы жайттың алдын алған. Ол өз сөзінде, сауда үйінде жүрген жерінен ұсталғанына қатты таң қалғанын айтты,- деді Ерлан Қарин.

Ол тәртіп сақшылары мен елдің тыныштығын қамтамасыз етіп отырған арнайы қызметтің жұрт алдында айтыла бермейтін осындай еңбегі жетерлік деп отыр.

«Терроризммен күрес айтыла бермегенімен күнделікті жүріп жатыр. Ондағы арнайы жасақ пен күштік құрылымның жұмыстары сіздерге күнде айтыла бермейді. Тәртіп солай. Ақтөбеде болған жайт бойынша да сенімдімін, тәртіп сақшылары бұдан да құйтырқы ойластырылған жоспардың жолын кесе алуға қаухарлы еді»,-деп қосты ол.

Талқылау