Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәрім Мәсімов жол жүру ережесін бұзды деп күдіктелуде

«Азаматтық патруль» белсенділері жол ережесін бұзушыларды бірден байқап қалып жатады. Бұл жолы олардың көзіне ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов түсті, деп хабарлайды Motor.kz.

Велосеруен. Велопрогулка. Cycling.

Фото опубликовано Karim Massimov (@kmassimov)

Екі күн бұрын премьер-министрдің Instagram аукаунтында оның велосипед үстінде отырған суреті жарияланды. Сурет жазбасында велосеруен деп жазылған. Алайда, ҚР жол жүру ережесіне сәйкес, автомагистральда велосипед айдауға тыйым салынған. Ол үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

«Азаматтық патруль» көп ойланбастан осыған қатысты арыз жазуға бекінді. Мәтін электронды үкімет арқылы жіберілген. Енді олар құқықбұзушылыққа байланысты премьер-министрге қандай да бір шара қолданар-қолданьасын күтуде.

Жіберіп алмаңыз:

Кәрім Мәсімов студенттік шағының видеосын жариялады (видео)

Мәсімов Моңғолияда таңғы жүгіруге қатысқан бейнежазбасын жариялады (видео)

Баян-Өлгий халқы Кәрім Мәсімовке ақбоз ат мінгізіп, шапан жапты (фото, видео)

Талқылау