Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәрім Мәсімов Астана-Бурабай тас жолын велосипедпен жүріп өтті

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Астанадан Бурабайға қарай велосипедке отырып жолға шақты.

прем

Үкімет басшысының велосипед тізгіндеген фотосы, оның Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.

Суреттің астына: “Велосеруен” деп жазылған. Суретке қарағанда қазақ үкіметінің басшысы Бозғайыр ауылына жақын маңдағы Астана-Бурабай тас жолында жүріп бара жатыр.

премм

Бұған дейін желіде Кәрім Мәсімовтың студенттік жылдарындағы видеосы да жарияланған еді.

Айта кетейік,Кәрім Мәсімов 1985-1988 жылдары Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университетін тәмамдаған. 1980-жылдары Бейжің тіл институтында қытай тілін меңгеріп, Ухан заң университетінде және Колумбия университетінде тағылымдамадан өткен. Кейіннен Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін және Қазақ мемлекеттің басқару академиясын тәмамдаған.


Талқылау