«Kari» киім-кешек дүкеніндегі қазақша аудармалар жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Жұма, 9 Қыркүйек , 2016 11:34

«Kari» киім-кешек дүкеніндегі аудармалар жұрттың жағасын ұстатты. Аталған тауар белгісіндегі аударма бойынша «Әйелдер қорқақтар»  ал,  еркектер «аталықтар» екен.

ал

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мұндағы тауарлардың қазақша аудармасынан көз сүрінеді, тіпті ұлттың намысын да қорлайды. Бірақ, дүкеннің басшылығы аудармадан еш қымсынбайды.

а

«Туфлялер аталық», «шылпылдақтар бала», «қыз балалар үшін сандалдар бала», «Шәлкелер аталық» «қорқақтар әйелдер». Тізе берсек,  жетіп артылады. Бұл Талдықорған қаласындағы «Каri» киім-кешек нүктесіндегі тауардың қазақ тіліндегі аудармалары. Мұндағы қазақ тіліндегі сөздерді оқу үшін тілді бұрмалау өз алдында, мағынасын да түсіну өте қиын дейді тұрғындар.

– “Ешқандай мағынасы жоқ. Тілімізді мазақ қылған сияқты ғой біздің. Мемлекеттік тілімізді аяққа басу деп есептеймін. Сондықтан мұндай қателіктерге жол бермеуіміз керек. Күресуіміз керек”, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Әлия.

сс

– “Аталық деген қазақшаға жатпайды ғой. Аталық деген ұрық беруші деген мағынасында айтылған нәрсе. Қазіргі таңда қазақша аудармаларды қазақшаны білмейтін адамдар жасайды. Рекламный агенстваларды алатын болсақ. Тікелей аударма.  Компьютерный перевод қой”, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Олжас.

вв

Бір өкініштісі сауда нүктесінің басшылығы тауарлардағы өріп жүрген қатеге, мағынасыз аудармаға еш қымсынбайды екен. Ал өрескел қателіктерді өріске мал жайғандай өргізіп қойған «Каri» сауда дүкеніндегілер арнайы аударма қызметіне жүгінгендерін жеткізді. 

-“Бізге барлық аудармаларды Алматыдағы аударма бюросы жасайды. Бізде бәрі дұрыс”, – дейді «Kari» дүкенінің өңірлік филиал директоры Денис Пичужкин.

Жіберіп алмаңыз:

“БанкЦентрКредит” тұтынушыларына қатеге толы анайы сөз жазылған чек таратқан

Ескерту қағазындағы балағат сөздер алматылықтардың жағасын ұстатты

Астанадағы қазақша қате атаулар (фото)

Елімізде “О дүниелік шоколадтар” шығып жатыр

Ескерту қағазындағы балағат сөздер алматылықтардың жағасын ұстатты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Қытайлардың,ұйғырлардың қазақшаға аударғаны өздерінше

  • Анонимно says:

    Осындаиларға заң шығарса боладығои ақылды басшылар

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар