Қарғалы өзені тасуы салдарынан Алматыда көптеген үй су астында қалды (фото, видео )

Сенбі, 30 Сәуір , 2016 13:29

Алматының Алатау және Жетісу аудандарында бірқатар үйді су басты.

image

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Ведомство ақпаратына қарағанда, Алатау ауданы Алғабас шағын ауданының Бейбітшілік, Желтоқсан және Ақсай көшелері бойынша 27 тұрғын үй мен 27 аулаға су кірген. Ал Жетісу ауданында Есентай өзенінің арнасынан асуы салдарынан Летняя мен Ұйғыр көшелері бойындағы 37 жеке тұрғын үй мен 27 ауланы су басқан.

Қазіргі уақытта азаматтық қорғаныс қызметінің мамандары мен техникалары жеке тұрғын үй аумақтарынан суды сору, өзен арналарын биіктету жұмыстарын жүргізіп, су тасқыны қаупі бар учаскелердегі халықты құлақтандыру жұмыстарын жүргізуде. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар Алатау ауданында №185 мектепке, ал Жетісу ауданында №87 мектепке орналастырылды.

IMG-20160430-WA0023_1_

IMG-20160430-WA0024_1

20160430093843

Жаңбыр су салдарын жоюға 382 маман мен 80 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, азаматтық қорғаныстың көлік қызметі төтенше жағдай аумағынан халықты қауіпсіз жерге көшіру үшін 1 мың автобус дайындап қойды.

Айта кетерлігі, “Қазгидромет” ұсынған мәліметтерге сәйкес, өткен тәуілкте қала аумағына 55 мм. жабыр жауған, бұл орташа айлық нормадан тыс. Ауа райы болжамына қарағанда, 12 сағаттан кейін тағы да жаңбыр жауады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар