Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қарекет» бағдарламасын енді бес жүргізуші жүргізеді: Олар кімдер?

Қыркүйек айынан бастап көпшіліктің сүйікті бағдарламасына айналған, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап жүрген «Қарекет» бағдарламасының тізгінін бес жүргізуші ұстайды. Сонымен қатар, әр күні әртүрлі айдар аясында тақырыптар қозғалады.

«Қарекет» бағдарламасының тізгінін ендігі бес жүргізуші ұстайды: олар кімдер?

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Карин өзінің Инстаграм парақшасында жаңа маусымдағы өзгерістерді айта отырып, жаңа жүргізушілерді көрсеткен болатын. Өз кезегінде ол «Қарекет» бағдарламасында біршама тың өзгерістер болатынын айтып әрбір күннің өз тақырыбы және бағыты болатынын атап өткен.

«Қарекет» бағдарламасы енді – «Қарекет-Талқы», «Қарекет-Мәдениет», «Қарекет-Заң», «Қарекет-Әлеумет» деп келесі аптадан жаңа форматта эфирге жол тартады. Бірақ, басты жаңалығымыз ол емес. Жаңа өзгерістермен Ұлттық арнаның эфиріне елге танымал бірқатар кәсіби журналистер оралмақ. Қарекет-Талқыны – Серік Әбікенұлы, Қарекет-Заңды – Нұрбол Батырбай, Қарекет-Әлеуметті – Досан Қызайбек, Қарекет-Мәдениетті – Есболат Айдабосын сынды білікті мамандар жүргізіп, өз ойларын ортаға салатын болады», – деп жазған еді. Ал, Бейсен Құранбек әр жұмада бағдарламада болған барлық оқиғаларды қорытындылайды.

Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі жаңа маусымда қосылған жаңа төрт жүргізуші туралы деректерді ұсынады.

«Қарекет» бағдарламасының тізгінін ендігі бес жүргізуші ұстайды: олар кімдер?

1. Есболат Айдабосын – бағдарламаның «Мәдениет» айдарының жүргізушісі. Ол 1981 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында туған. 2002 жылы Абай атындағы АлМУ (қазіргі ҚазҰПУ) қазақ филологиясы факультетін бітірген. Бүгінгі таңда танымал жазушы, әрі журналист. Еңбек жолында «Шаһар» телерадио компаниясында, «НТК» телеарнасының «Соңғы ақпарат», «Түйін» бағдарламаларында, «Қазақстан» телеарнасының «Өзекжарды», «Апта.кз», «Арнайы репортаж» және қорытынды жаңалықтар қызметінде жұмыс істеген. Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі.  Жазушылық жолында шығармашылық табыстары да мол. «Шағын әңгіме байқауының бас жүлдегері, «Қамшы» сайты ұйымдастырған «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған әдеби байқаудың 1 орын иегері, Бақтығұл Ойшыбаевтың 80 жылдығына арналған республикалық әдеби байқаудың жеңімпазы, «Алтын қалам» әдеби байқауының жеңімпазы, «Алтын тобылғы әдеби сыйлығының иегері. «Сүлікқара», «Қызыл сақа» кітаптарының авторы.

«Қарекет» бағдарламасының тізгінін ендігі бес жүргізуші ұстайды: олар кімдер?

2. Досан Қызайбек – сейсенбі сайын көрсетілетін «Әлеумет» айдарының жүргізушісі.  Осы күнге дейін «Информбюро» бағдарламасында, жаңалықтар қызметінде, «Тұжырым» сараптамалық бағдарламасында, «Қылкөпір» ток-шоуында, «Бес парыз» діни хабарында, «Пікірлер пирамидасы», «Тарих таразысы» бағдарламаларында, «Айтуға оңай» ток-шоуында еңбек еткен. Досанның «Қарекет» бағдарламасындағы жүргізушлігіне қатысты пікір білдірген әріптесі Бейсен Құранбек ол туралы «Қарекеттің» көрерменнің көз жасын көл ететін тағдырлы хабарлары жүрегі нәзік, болмысы берік, өз қолтаңбасы қалыптасқан тележурналистке жүктеліп отыр. Іштей жарап жүретін жүйрік секілді Досекеңнің бұл жолы да қамшы салдырмасына сенімдіміз» деп жазған болатын өзінің Инстаграм парақшасында.

Сонымен қатар, Бейсен Досанды студент кезінде курстас қыздары “гитарада ойнайтын красавчик жігіт” деп атағанын еске алды.

«Қарекет» бағдарламасының тізгінін ендігі бес жүргізуші ұстайды: олар кімдер?

3. Сәрсенбі сайынғы «Қарекет – Заң» бағдраламасының жүргізушілік тізгіні Нұрбол Батырбайға бұйырған екен. Неге бұл орынға Нұрбол келді десеңіз, Бейсен Құранбектің айтуынша бағдарламадағы қоғамдық мәселелерді шешу барысында көптеген заңдық сұрақтар көтерілген.

«Алайда заң саласының маманы болмағандықтан бұл тақырыптар терең күйінде шешілмеді. Ойымыздағыдай жасай алмадық. Оның бірнеше себебі болды. Соның ішінде менің жүргізуші ретінде Кодекстерді, заңдарды, заңдық нормаларды, оны тәпсірлеу құжаттары мен құқықтық іс-тәжірибелерді жетік білмеуім де бар. Ал бізге xабарласқан, келген, мұңын шаққан адамдардың ішінде мәселесі сотта ғана шешілетіндердің қарасы жылдан-жылға көбеймесе, азайған жоқ. Осының бәрін сараптай келе «Қарекет-Заң» xабарының тізгінін жас ғалым, адвокат, Алматы университетінің «Бизнес және құқық» факультетінің деканы Нұрбол Батырбайға сеніп тапсырдық» деген. Өзінің парақшасында.

Басқа жүргізушілерге қарағанда Нұрболдың артықшылығы – оның заң саласының қызметкері болғаны. Ол 1984 жылы 19 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында дүниеге келген.

«Қарекет» бағдарламасының тізгінін ендігі бес жүргізуші ұстайды: олар кімдер?

4. «Қарекет – Талқы» айдарының жүргізушісі болып Серік Әбікенұлы отырды. Бейсен Құранбек тағы бір жаңа жүргізушіге қатысты «Ақын һәм жазушы, журналист һәм жүргізуші, тариxшы һәм зерттеуші, басшы һәм ұйымдастырушы. Секең туралы, оның қарым қабілеті, дарыны мен білім-білігі жөнінде таңды таңға ұрып айтуға болады. Бір ғана нәрсені жазайын: біздің буында дәл Серік Әбікенұлындай қазақ телевизиясына еңбегі сіңген адам кемде-кем! Ал менің бір еңбегім тариxта қалса, ол – он жылдан кейін Секеңнің эфирге оралуына кішкентай болса да септігім тигені болар», – деп әріптесіне сәттілік тілеген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау