Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кардашьянның анасы 2007 жылы қызы түскен порно фильмдерді сатқан дееген күдікке ілінді

Тележұлдыз Крис Дженнер 2007 жылы Vivid Entertainment порнокомпаниясына қызы Ким Кардашьян түскен хоум-видеоны ұсынып, желіге шығарылуы мен таралуы жөнінде келіскен. Бұл туралы Kardashian Dynasty жұлдызды отбасы жайлы жаңа кітаптың авторы, журналист Ян Гальперин айтты,- деп хабарлайды Page Six.

383872743

«Кимнің бір досы оған танымалдыққа жету үшін секс-видеоға түсуі керектігі жайлы кеңес берген… Ким ең алдымен бұл ойды өз отбасы ішінде талқылаған»,- деп Гальперин порноиндустриядағы ақпаратты келтіреді. Мұнан соң видеожазба Дженнердің өтініші бойынша Vivid порнокомпаниясына үшінші жақ тарапынан берілген.

«Олар (Vivid) желідегі видеоны отбасының (Кардашьян) келісімінсіз тарата алмайтын еді»,- дейді сұхбат беруші.

Ян Гальперин танымал тұлғалар өмірінен эксклюзивті деректер жинаумен айналысады. Журналистік зерттеулері үшін ол өзін манекенші, шаштаразшы, гомосексуалсит ретінде көрсетуге де барған. Бұдан бұрын Гальперин «Бранжелина. Бред Питт пен Анджелина Джолидің айтылмаған оқиғалары», «Бетпердесіз. Майкл Джексон. Өмірінің соңғы жылдары» кітаптарын жазған.

Хоум-видеоны Ким Кардашьян 2003 жылы досы Рэй-Джейдің көмегімен түсірген. Ол желіге белгісіз адамдарға қолды болуының нәтижесінде шыққан екен-мыс. 2007 жылы Ким отбасымен бірге Е америкалық телеарнасындағы Keeping Up with the Kardashians реалити-шоуына түсе бастаған. Ол 2010 жылы алты миллион доллар табыс тауып, реалити-ТВ-дің әлем бойынша ең жоғары ақша төленетін жұлдызы деп мойындалды.

Сонымен қатар Ким Vivid Entertainment компаниясынан келтірілген моральдық нұқсанның өтемі ретінде бес миллион доллар алған.

Талқылау