Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарбызды Жаңа жылға дейін қалай сақтаймыз?

Қарбызды ұнатпайтын адам кемде-кем шығар. Кейбір оңтүстіктік елдерде халықтың қарбызды жақсы көретіндігі соншалық, оны Рождество мерекесінде дастарханға қояды.

Ал сіз қыстыгүні әлемнің ыстық жерлеріне бармай, супермаркеттегі қымбат жемісті сатып алмай, дәмді қарбызға қалай қол жеткізуге болатынын білесіз бе?

AdMe.ru жасыл жидекті Жаңа жылға дейін сақтау үшін бірнеше кеңес ұсынады.

Алдымен қарбызды дұрыс таңдау қажет

16446465-13924976_10208465815537151_4388029367057947589_n-1471240806-650-56c7b0db9a-1471271358

Фото: © Depositphotos.com
  • Ең бастысы — жарылмаған, бұзылмаған жидекті таңдап алған абзал. Кері жағдайда сіздің талпынысыңыздың бәрі босқа кетеді.
  • Үлкен көлемді қарбыз таңдаудың қажеті жоқ. Шамамен 4 килограмдық қарбызды таңдаған жөн.
  • Қабығы қалың келетін қарбыздың кеш пісетін түрлерін таңдаған дұрыс.
  • Қатты пісіп кеткен жидекті таңдамаңыз, ол уақытына жетпей бұзылып кетуі мүмкін.

Қорғаныс қабатын жасау

16446265-collage-1471244970-650-2d099849c2-1471271358

Фото: © Olga Mishenkina

Біз сөз етіп отырған қарбызды сақтау тәсілі Үндістанда пайда болған. Оның негізі мынада: қарбызды парафинмен немесе балауызбен қаптау арқылы оның ылғалдылығын сақтап, сыртқы әсерлерден қорғай аласыз. Ол былайша жүзеге асырылады:

  • Қарбызды жумаңыз, тек құрғақ шүберекпен сүртіңіз;Парафинді немесе балауызды сы жылытқышында ерітіңіз. Егер аталған заттарды таба алмасаңыз, оның орнына арзан майшамдарды қолдануыңызға болады. Алдымен оны білтесінен ажыратып, бірнеше бөлікке бөліңіз;
  • Дайын болған сұйықтықтың суығанын күтіңіз. Содан соң оны қарбыздың сыртына бірыңғай етіп жағыңыз. Парафиннің қалыңдығы кем дегенде 0.5 сантиметр болғанға дейін бұл ісіңізді жалғастырыңыз;
  • Парафиннің қатып қалуын күтіңіз.

Сақтау

16446515-13938243_10208465512769582_4657259628207173660_o-1471243980-650-2d099849c2-1471271358
Фото: © Olga Mishenkina
  • Мұндай қарбызды қараңғы, құрғақ әрі салқын жерде сақтаған абзал. Одан бұрын қарбыздарды газет немесе сабан толтырылған қораптарға немесе жәшіктерге салыңыз.
  • Қарыз салынған қораптарды қоймада немесе жертөледе сақтағаныңыз тіптен жақсы. Еер сіздің үйіңізде қойма болмаса, жиҺаздардың ішіндегі іш киімге арналған бөлімдерге салуға болады. Бастысы, жылытқыштардан неғұрлым аулақ тұруы тиіс.
  • Ара-тұра қарбыздарды төікерңп, қарап тұрған жөн. Бұл артық дақтардың пайда болуын алдын алады.

16446415-13920542_10208465501409298_5977272198543954263_o-1471246561-650-7ecc59277b-1471271358

Фото: © Watermelon.org

Дастарханға қоймас бұрын, қарбызды парафинді қабықшасынан тазартып, жақсылап жуыңыз. Біз ұсынған үндістердің тәсілі сүйікті жемісіңізді қысқа дейін сақтап, жақындарыңызды қуантып, қонақтарды таң қалдыруға көмектеседі деп үміттенеміз.

Жіберіп алмаңыз: 

Қарбыздың адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Қарбызды кестіріп алу зиян – мамандар

Қарбызды дұрыс таңдаудың 5 әдісі (фото)

Қияр мен қарбыздың таң қаларлық гибриді (фото)

Талқылау