Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарбызды кестіріп алу зиян – мамандар

Мамандар тамыз айына дейін қауын-қарбызды жемеу керек деп қанша рет ескертсе де,  тұрғындар мұндай  кеңеске құлақ асар емес. Сатылымға уақытынан бұрын шығарылған бақша өнімдерінің қазір саудасы қызып тұр. Есесіне, улану деректері де көбейген.

content_fotolia_84737670_subscription_xxl

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қарбызды кестіртіп алу мүлдем дұрыс емес. Дәрігерлер оның  қауіптілігін айтып дабыл қағуда. Өйткені далада сатылғандықтан, кесілген қарбызға бактериялар тез түседі. Оның үстіне, шілдеде піскен қарбызда нитрат мөлшерден тым көп болады.

“Бақша өнімдерінен тез өнім алу мақсатында нирраттарды шамадан тыс пайдаланған кезде ол адам ағзасына түседі. Сосын титритке айналады. Кесірінен асқазан мен жүйке жүйені улайды”, – дейді МО тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті эпидемиологиялық бөлім басшысының міндетін атқарушы Гүлжанат Исмаилова.

Құрамы таза қарбыздарды жегіңіз келсе, сатушылардан бақша өнімдерінің арнайы тексерістен өткізілген рұқсат қағазын көрсетуін талап етіңіз.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте Қадір түні қарсаңында қарбыз ішінен Алланың есімі байқалды

Өскеменде қарбыздың қымбат бағасына ашуланған ер адам жүк тасушыны ұрған

Әкесіне қарбыз жинауға көмектескен қытайлық балақай желіде жұлдызға айналды

Қазақстандықтарға қарбызды шілденің ортасынан бастап тұтынуға кеңес берілді

Талқылау