Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаражатты қандай валютада сақтаған дұрыс – Ұлттық банктің ұсынысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақшаны қандай валютада сақтаған тиімді болатыны жайлы ұсынысымен бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қаражатты қандай валютада сақтаған дұрыс - Ұлттық Банктің ұсынысы

«Валюталық тәуекелдерді төмендету үшін, әр түрлі валюталардағы депозиттердің пайдасы мен сенімділігін ескере отырып, сондай-ақ шығындарды қандай валютамен төлейтініңізге қарап олардың артықшылықтары бойынша әртараптандыру ұсынылады. Мәселен, алтын ақшаны одан әрі әртараптандыруға ықпал ететін инвестиция үшін сенімді салым», – деп жазды банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Ұлттық банкі қаражатты сақтауда өз ұсыныстарымен бөліссе, бірақ теңге курсына қатысты болжам жасай алмады.

«Ұлттық Банк теңгенің айырбас бағамына қатысты болжам жасамайды. Дегенмен, теңгенің айырбас бағамы мұғай бағасына, ірі саудада әріптес елдердің валютасының айырбас бағамына, сондай-ақ төлем балансы мен инфляция және әлемдік пайыздық мөлшерлемелерге байланысты қалыптасады»,- деп жауап берді Ұлттық банктегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау