Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы уақытта 190 мың қазақстандықтың жалақысы көтеріледі

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаладағы кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, бірқатар мәселені талқылады. Кездесу барысында қаладағы бірқатар кәсіпорында жұмысшылардың жалақысы көтерілетіні туралы айтылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қараша айынан бастап 190 мың қазақстандықтың жалақысы көтеріледі

Ғабидолла Әбдірахымовтың сөзінше, алдағы уақытта бюджет саласының қызметкерлерінің де жалақысы артады.

Шаһар басшысымен кездесу барысында 70-тен аса кәсіпкер өз жұмысшыларының жалақысын көтеруге әзір екенін мәлімдеді. Қаладағы бірқатар кәсіпорында жалақы қараша айынан бастап көтерілсе, кейбірінде келесі жылдың қаңтар айында көбейтілмек. Осылайша, елбасының тапсырмасы бойынша 190 мың қазақстандықтың жалақысы артады.

Бұған дейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында үкіметке тапсырма беріп, мемлекет тұрғындарының ең төменгі жалақысын бір жарым есе – 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған еді.

«Кәсіпорын басшылары Елбасыны қолдап, өз қызметкерлерінің жалақысын көтеруге дайын екендері қуантарлық жайт. Бұл, шын мәнінде, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға түрткі болады», – дейді Ғабидолла Әбдірахымов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау