Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым трактор жүргізушісі «Жигулиден» жол талғамайтын көлік құрастырып шықты

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында тұратын қос бірдей өнертапқыштың ойлап тапқан тың туындысы да жұртты еріксіз таңқалдырып отыр. Қарапайым трактор жүргізушісінің ықшамдап жасаған тамшылатып суару қондырғысы ағын су тапшылығын біршама шешеді екен.

717171

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Ал жас жігіттің құрастырған жеңіл көлігі жол талғамайды. Бұл темір тұлпарға бір қарап, оның қандай машина екенін аңғару қиын емес. Негізгі құрылымы – көпшілікке танымал кәдімгі «Жигули» көлігі. Ал астыңғы бөлігі мүлдем өзгеше. Қолынан іс келетін Николай атасынан қалған жеңіл көлікті осылайша жол талғамайтын машинаға айналдырып алды.

Көлік өзге көліктермен салыстырғанда жолсыз жерде жақсы жүреді. Тіпті бұл жүрген жерден джиптар мен «Нива» өте алмайды. Өйткені бұның доңғалағы үлкен және салмағы жеңіл. Шіріген көлікті жүргізу үшін ол біршама уақытын жұмсапты. Қажетті бөлшектердің барлығын гаражынан тапқан.

“Алдыңғы мостын үш машинаның мостынан құрадым. Ортасы «Жигулидің» редукторы. Бұрылатын жерлері УАЗ көлігінікі. Оған никаның ступицасы мен гранатасы орнатылған”, – дейді Мақтарал ауданының тұрғыны Николай Самойлов.

Кейбір жерлері мен карданын қырқып, қолмен жасауға тура келді. Бір қызығы, төрт доңғалағы да әскери ГАЗ-66 көлігінікі. Оның салмағын жеңілдету үшін оның әрқайсысынан 20 келіге дейін резеңкесін қырқып тастапты. «Ол жұмсақ болады әрі жылдам қозғалады» дейді механик. Қозғалтқышы мен моторы өзінікі. Жол талғамайтын көлік тіпті сағатына 100 шақырым жылдамдықта жүреді. Болашақта оны суда қалқып, жүзетін етіп жасамақ.

 

Талқылау