Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қараңғыда кітап оқығаннан бала көзінің көруі нашарлай ма?

Ата-ананың барлығы дерлік қараңғыда кітап оқудың көздің көруіне теріс әсер ететініне кәміл сенеді. Шындығында солай ма? Бұл сұрақтың жауабын дәрігерлерден білуді жөн көрдік.

b132e66b5bea16a187aee3270b3e70da
Сурет: newrussianmarkets.com

Көз дәрігері:

Балалар қараңғылау жерде кітап оқуға ден қойған кезде ата-аналар тыйым салуға дайын тұрады. Бірақ дәрігерлердің офтальмология саласында  көптеген жылдар бойы жүргізген зерттеуінің нәтижесінде анда-санда қараңғыда кітап оқығанның салдарынан көз көруіне айтарлықтай зақым келмейтіні байқалды.  Алайда бұл әрекет әдетке айналған жағдайда, әсіресе бала жасында, көзге ғана емес, адам ағзасына да күш түседі. Күңгірт жарықта кітап оқу барысында адам тез шаршайтындықтан,  ұзақ уақыт көзге күш түсу мен демалмастан оқығанның нәтижесінде көздің алыстан нашар көруі дамуы мүмкін. Сондықтан балалардың жеткілікті жарықта ғана кітап оқып, жазу жазып, сурет салып, ойнағанына дейін маңызды.

Сәйкесінше, жарықтың жеткілікті мөлшерде түсуі көздің көруіне оң ықпал етеді. Ең дұрысы – жарықтың баланың сол жағынан түсуі. Егер бала солақай болса, жарық оң жағынан түсуі керек. Ал жасанды жарыққа келер болсақ, көзге ақ түстің жағымды екені анықталған.

Баланың оқуы қаншалықты күрделі болса да, мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларына электронды құрылғыларды, яғни планшет, компьютерді күніне 15 минуттан ұзақ қолданбау қажет. Оған қоса, көздің көруін сақтау үшін жұмыс орнының дұрыс орналасуы да маңызды. Үстел шамынан түсетін жарық үстел бетін түгел қамтып, бөлме де барынша жарық болуы тиіс.

Балаға оқу барысында көзге арналған жаттығуларды жасап тұруды үйретіңіз. Ол көздің алыстан нашар көруінің алдын алуға себін тигізеді. Және де көздің көруіне жүзу мен тағам үлесіндегі қызғылт сары көкөністердің пайдасы мол.

Балалар клиникасы бас дәрігерінің орынбасары:

Жеткілікті мөлшерде түспеген жарық көздің қыметіне теріс ықпалы етеді. Жарықтың вегетативтік жүйке жүйесі, иммунитет, бойдың өсуі, ағзаның дамуы және де адам өмірі үшін маңызды көптеген үдеріске әсері мол екені анықталған. Сонымен қатар, ол зат алмасуы мен қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне төзімділігін реттейді. Жарық жеткіліксіз мөлшерде түсетін ортада жұмыс істеудің салдарынан балалар шаршаңқылықты сезініп, жұмысқа қабілеттілігі төмендеп, көз көруі нашарлайды. Ал ол өз кезегінде көздің алыстан нашар көруіне алып келеді. Дегенмен бөлменің тым жарық болуы да зияны жоқ емес. Сондықтан жарықтың дұрыс түспеуі бала денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Оқушылар компьютер алдында ұзақ уақыт отыратындықтан,  экранның жарыққа шағылысатыны қиындық туғызады. Мұндай кезде баланың көзі шаршап, экранға жарық шағылыспас үшін, әдеттегідей, бөлмедегі жарықты өшіріп қояды. Алайда қосымша жарық түспеуінің нәтижесінде көз бұлшықеттеріне түсетін салмақ артады. Сондықтан қараңғыда компьютермен жұмыс жасамаған абзал.


Оқи отырыңыз:

Көз алдымызда қараңдайтын не нәрсе

Ғалымдар: Смартфондар балалардың көзін қыли етеді

 

Талқылау