Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарама қарсы бағытқа шыққан көлік жүргізушісіне астаналық полицейлер оқ атты (видео)

28 қазан түнінде Астана қаласында көлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы ескертуіне құлақ аспаған. Салдарынан оған тәртіп сақшылары оқ жаудыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

https://www.instagram.com/p/BpewTa1nWJk/?utm_source=ig_web_copy_link

“Астаналық полицейлер Жұбанова көшесінде жол апатын жасап, кейін тәртіп сақшыларынан қашпақ болып екінші көлікпен соқтығысқан бұзақыны құрықтады. Жол ережесін бұзушы тоқтау туралы заңды ескертуге құлақ аспағандықтан полиция қызметкерлері оның автокөлігінің дөңгелегіне екі рет оқ жаудырды. Алайда ол тесілген дөңгелекпен жүрісін жалғастырып, сонымен қатар өзін қиылыста тоқтапақ болған тәртіп сақшысын сүйреп әкетті. Көп ұзамай полиция қызметкерлері автокөлікті Құдайбердіұлы көшесінде тоқтатып, бұзақыны ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Оның әрекетіне қатысты шара қолданылуда”, – деп мәлімдейді Алмас Садубаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау